Зейнетақы ақшасын баспанаға жұмсау: экономист ең қолайлысы осы екенін айтты
Зейнетақы ақшасын баспанаға жұмсау: экономист ең қолайлысы осы екенін айтты
188
оқылды

Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге пайдалану – бұл сингапурлық модель, Қазақстан үшін ең қолайлысы осы. Бұл туралы Стратегиялық бастамалар форумының екінші отырысында экономист, Стратегиялық бастамалар орталығының (CSI) аға серіктесі Олжас Құдайбергенов айтты.

«Зейнетақы жүйесін Сингапур тәжірибесіне сүйене отырып, тұрғын үй саласымен байланыстырсақ, біз 2030 жылға қарай стратегиялық жоспарда айтылған – бір адамға 30 «шаршы метрге» қол жеткізе аламыз. Өкінішке қарай, қазір қолданыстағы ережелер аясында оған қол жеткізу қиын», - деді О.Құдайбергенов.

Экономист Сингапур ең жақсы зейнетақы жүйесі бар он елдің қатарына кіретінін атап өтті.

«Сингапур моделі салық жүктемесін үнемдеуге және оны аздап азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Сингапурда ғана зейнетақы жүйесі тұрғын үй жүйесімен тығыз байланысты және ол сізге бірден бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік береді. Бұл халықты баспанамен қамтамасыз ету, экономикалық өсу және жұмыспен қамту мәселелері, барлық мәселелер бір уақытта шешіледі», - деді экономист.

Оның айтуынша, Сингапурда жарналардың екі түрі бар – жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналары, басқа салық түрлері жоқ. Жалақы қорына салынатын салықтық жүктеме Қазақстанға қарағанда 10-20 пайызға төмен.