Ақтау: Балаларды ұрған тәрбиешілерге кешірім берген
Ақтау: Балаларды ұрған тәрбиешілерге кешірім берген
181
оқылды

Ақтауда балаларға зорлық көрсеткен тәрбиешілер жазасыз қалды.

24.kz-тің хабарлауынша, Ақтауда балабақшада қорлық көрген балалардың ата-аналары тәрбиешілерге кешірім берген. Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға жазда болған. Тәрбиешілер тыңдамаған балаларды қинаған. Бірнеше сағат бойы орындықта отырғызып қойған. Бұл жайтты 4 жасар баланың бірі ата-анасына айтқан. Тексеру барысында баланың айтқаны рас болып шыққан.