Үндістанда белгісіз вирусты 500-ге жуық адам жұқтырған
Үндістанда белгісіз вирусты 500-ге жуық адам жұқтырған
198
оқылды
Үндістанда белгісіз ауру өршіп тұр.  Үш күн ішінде елдің оңтүстігіндегі Андхра-Прадеш штатының Элуру қаласында вирус жұқтырған 500-ге жуық адам ауруханаға жеткізілді. Вирустан бір адам қайтыс болды,  деп хабарлады TACC. Элуру қаласындағы үкіметтік аурухананың басшысы, доктор Мохан журналистерге бүгін таңертең стационарларда 140-қа  жуық адам қалғанын айтты.
«Дүйсенбі кешке ауруханаға 476 адам жеткізілді, оның 332-сі үйлеріне жіберілді.  125 науқас біздің стационарда емделіп жатыр, тағы 18 адам  Виджаяваде және Гунтуреде ауруханада жатыр», — деп келтіреді  Моханның сөздерін  Times of India газеті.
Бірқатар БАҚ таратқан мәліметке қарағанда, демалыс күндері Элуруда және оның маңындағы елдімекендерде 800-ден астам адам өздерін нашар сезініп, ауруханаға жүгінген, алайда бәріне бірдей медициналық көмек қажет болған жоқ.