Дәрігер адамды тез қартайтатын тағам түрлерін атады
Дәрігер адамды тез қартайтатын тағам түрлерін атады
246
оқылды

Дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников қартаю процесін жылдамдататын тағам түрлерін атады. Айтуынша, бұл көбінесе құрамында қанты, тұзы көп тамақ өнімдері

Ол маринадталған майшабақты мысалға келтірді. Айтуынша, онда натрий шамадан тыс көп. Сондай-ақ адамды тез қартайтатын тағамдар қатарында қуырылған ет пен шұжық өнімдері де бар.

Мясниковтің айтуынша, тамақты тым көп жеу де қартаю процесін жылдамдатады. Күнделікті жеміс-жидек, асылған ет, балық және қышқыл сүт өнімдерін жеген дұрыс.