Әйгілі миллионер жасырған қазынаны студент тауып алды
Әйгілі миллионер жасырған қазынаны студент тауып алды
216
оқылды

Әйгілі миллионер Форрест Феннің жасырған қазынасын студент іздеп жүріп тауып алды, деп жазады society.comments.ua

Миллионер әрі арт-дилер Форрест Феннің қазынасын АҚШ-тың Мичиган штатында тұратын 32 жастағы студент Джек Стюф тауып алған.

Медицина саласында оқитын студент қазынаны тауып алғанын бірнеше айдан кейін айтты. Миллионердің туыстары бұл ақпаратты растады. 25 күн қауіпті аймақта іздеу жұмыстарын жүргізген  жігіт ақыры байлықты тауып алған. Жасырылған сандықта алтын, түрлі антиквариаттар және қымбат тастар болған. 2010 жылы Форрест Фенн үлкен қазынаны жасырып, "Дрожь охотника" атты кітабында құпия сөздермен оны қалай табу керектігін жазып кеткен болатын. Ол өзі жерленген жерге қазынаны жасырған болып шықты. Мыңдаған адам қазынаны іздеп, олардың төртеуі қаза тапқан.