Нұр-Сұлтанда Сириядағы қандай мәселені талқылайды?
Нұр-Сұлтанда Сириядағы қандай мәселені талқылайды?
5,225
оқылды

Нұр-Сұлтанда Сирия мәселесіне орай жиын өтеді.

«РИА Новостидің» жазуынша, Сириядағы тұтқындарды босату және саяси процесті ілгерілету бойынша келіссөздер 10-11 желтоқсанда талқыланады деп жоспарланған.

Осыған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сирия бойынша келесі кездесу 10-11 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді деп мәлімдеген еді. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, оған Иран, Ресей және Түркия сынды кепілгер елдердің, сондай-ақ Сирия үкіметі мен Сирия қарулы оппозициясының делегациялары қатысады деп жоспарланған. БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирактың жоғары лауазымды өкілдері оған байқаушы ретінде қатысады.

– Күн тәртібінде: Заевфрат пен Идлибке баса назар аудара отырып, Сириядағы жағдай; тұтқындарды босатуды және із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеу сынды сенім шаралары; босқындар мен ел ішінде босып жүрген адамдарды қайтару тұрғысындағы Сирияның кешенді гуманитарлық іс-қимылында белсенділік таныту, оның ішінде осы тақырыпта халықаралық конференциялардың өткізу туралы бастамаларды талқылау; Конституциялық комитеттің іске қосылуына байланысты саяси процесті ілгерілету жайы талқыланады, – деп хабарлады СІМ.

Сондай-ақ осы кездесу кезінде кепілгер елдер мен БҰҰ және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің сарапшыларының қатысуымен мәжбүрлеп ұсталған адамдар жөніндегі жұмыс тобының 10-отырысын өткізу жоспарланған.