Коронавирус жұқтырған қалыңдық үйлену тойы болатын күні өзін нашар сезініп, ауруханаға жатқызылды, 5 күннен соң ол қайтыс болды, - деп жазады NBC News.
29 жастағы Стефани Линн Смит және оның 31 жастағы сүйіктісі Джейми Бассет үйлену тойын 13 қараша өткізуді жоспарлаған болатын. Олар Техас штатындағы Лаббок қаласында үйлену тойын жасамақ болған. Алайда олар үйленіп үлгермеді.
Жігіттің айтуынша, Стефани 3 қарашадан бастап ауырған. Қалыңдығы 4 күн өткен соң дәм мен иіс сезбей қалған.
Той жақындағанда ауырып қалған қалыңдық дәрігердің тағайындаған дәрі-дәрмегін қабылдағанмен, тәуір болмаған. Содан соң ол ауруханаға жатқызылды. Ауруханада оның коронавирус пен пневмонияға шалдыққаны анықталды. Оны дәрігерлер үйге жіберіп, дәрумендер жазып берген.
Алайда қыздың үйде жағдайы жақсармаған.
17 қарашада қыз қатты әлсіреп, жансақтау бөліміне түсті. Келесі күні таңертең дәрігерлер оның туған-туыстары мен болашақ жарына қайтыс болғанын хабарлады.