Мамандар коронавирустан сауыққан соң алғашқы 10 күнді өте қауіпті деп есептейді. Олардың зерттеуі бойынша жүрек жеткіліксіздігі және пневмониядан емделгендерге қарағанда коронавирустан емделіп шыққандарға төнген өлім қаупі 40-60% жоғары болған.
Ғалымдардың айтуынша, коронавирустан емделіп шыққандардың 9%-ы екі айдан соң қайтыс болған, 20%- ы қайта ауруханаға түскен.
Зерттеу нәтижесі бойынша ауруханадан шыққан соң 60 күннен кейін ғана қауіп сейілетіні белгілі болды.