Қазақстандықтар Ресейде уақытша тіркеуден босатылды
Қазақстандықтар Ресейде уақытша тіркеуден босатылды
226
оқылды
Ресейде ел президенті Владимир Путиннің тиісті жарлыққа қол қоюына байланысты қазақстандықтар келесі жылдың наурызына дейін уақытша тіркеуге тұрудан босатылды.  Көктемде коронавирусқа байланысты көші-қон ережелері өзгертілген болатын. Оның мерзімі 15 желтоқсанда аяқталды. Енді жаңа ережелер бойынша Ресейде жүрген шетелдіктерге уақытша тіркеу туралы құжаттарын 6 айға дейін, яғни 15 маусымға дейін ұзартпай-ақ жүре тұруға болады. Бірақ бұл коронавирус кесірінен арадағы тұрақты әуе қатынасы әлі ашылмаған мемлекеттердің азаматтарына ғана қатысты. Ал Қазақстан мен көрші ел арасындағы рейстер биыл қыркүйекте қайта жанданған. Сондықтан отандастарымыз тек 90 күнге, яғни 15 наурызға дейін уақытша тіркеуден босатылды.