Малайзияда үйлену тойына келгендер өз көліктерінде жас жұбайлардың қасынан өтіп, терезеден кешкі ас алды, деп жазады Би-би-си.
Қалыңдық пен күйеу жігіттің қатысуынсыз өткен үйлену тойына 10 мыңға жуық адам келіп, оларға бақыт тіледі. Олардың әрқайсысы Путраджаядағы үкімет ғимаратының қасынан көліктерімен ақырын өтіп, көліктерінің терезесінен жас жұбайларға қошемет көрсетуге тиіс болатын.
"Терезеден құттықтау" процесі " қонақтар саны 10 мыңға жуық болғандықтан, үш сағатқа созылды. Олардың әрқайсысына терезеден кешкі ас берілді. Күйеу жігіт бұрынғы министр әрі ықпалды саясаткер Тенгку Аднан Тенгку Мансордың ұлы Тенгку Мұхаммед Хафиз Оушен Алагиямен некелесті.
"Бұл мен және отбасым үшін үлкен құрмет. Түсіністік танытып, көліктен шықпай, барлық қауіпсіздік ережесін сақтағандарыңыз үшін рахмет", - деп жазды жігіттің әкесі Facebook-те.