«Алматыметроқұрылыс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы кепілдікпен босатылды
«Алматыметроқұрылыс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы кепілдікпен босатылды
5,178
оқылды

«Алматыметроқұрылыс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимов кепілдікпен босатылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылдың 28 қарашасында күдікті К.Реймовке қатысты Алматы қаласы мамандандырылған тергеу соты кепілдік анықтамасымен «қамауда ұстау түріндегі» бұлтартпау шарасын қолданды. 1 желтоқсанда қорғаушы жақ кепіл берді, осыған байланысты Рейимовке қатысты бұлтартпау шарасы кепілге ауыстырылды және ол қамаудан босатылды», – деді Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Еске салайық, «Алматыметроқұрылыс» директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимов 27 қарашада ұсталған. ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен – «Аса ірі көлемдегі алаяқтық» қылмыстық ісі бойынша тергеу басталғаны туралы хабарланды.