Үндістанда ер адам жерлеу рәсімі кезінде тіріліп кетті, деп жазады Samayam.
Басылымның хабарлауынша, ер адам жерлеу рәсіміне дайындық кезінде кенеттен тіріліп кеткен.
Ауылдардың бірінде ағаштың түбінен ер адам табылған. Ол ес-түссіз екі күн жатқан. Жергілікті билік өкілдері оқиға орнына келіп, оның көз жұмғанын хабарлады.
Алайда жерлеу рәсіміне дайындық кезінде ер адам орнынан тұрып, тік отырған. Оны бірден ауруханаға жеткізді.
"Өкінішке орай, бір тәуліктен соң ол қайтыс болды. Ауыл полициясы тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп жазды басылым.