Францияда ер адам Пюи-де-Дом департаментінде үш полиция қызметкерін атып өлтіріп, үйін өртеп жіберді, - деп хабарлады euronews.com.
Бұдан бұрын әйел адамның шақыруымен оқиға орына келген үш жандарм - полиция қызметкерлері қаскөйдің қолынан қаза тапқаны белгілі болды. Ер адам оларды атып өлтірген. Тағы біреуін жарақаттаған.
«Қаскөй өлі күйінде табылды. Мен оқиға орнына барамын», ‒ деп жазды Франция ішкі істер министрі Жеральд Дарманен Twitter-де.
Қайғылы оқиға бүгін таңертең болды. Үйдің шатырында тығылып қалған әйел құтқарылды.Ер адам өз көлігінен өлі күйінде табылды.