Британияда екі жатыры бар әйел үшемді дүниеге әкелді. Бір жатырында ол егізді, екінші жатырында үшінші баласын көтерген, деп хабарлады Daily Mail.
32 жастағы Мелани Бассеттің екі баласы бар.
2016 жылы үлкен қызына жүкті кезінде әйел екі жатыры бар екенін біліпті. Екі жыл өткен соң ол тағы жүкті болып, ұл балалы болған.
Дәрігерлердің айтуынша, екі жатыры бар әйелдің үшемді өмірге әкелуі өте сирек кездесетін құбылыс. Бассетт Британияда екі жатырымен балалы болған алғашқы әйел екен.
Екі жатырдың болуы түсік тастау немесе уақытынан бұрын босану секілді қауіп тудыруы мүмкін. Әйелдің айтуынша, үшемнің бір уақытта ішін тебуінен қолайсыздық сезінген.
Алайда қазір ана өзін бақытты сезінеді.
«Біз Рождествоны тағатсыздана күтіп жүрміз. Бар мәселе балада», — дейді Бассетт.