Түрлі зорлық-зомбылықты көзбен көрген бала кейін қалыпты өмір сүре ала ма? Сіз бұған не дейсіз?
Бұл сұраққа «Бала қылмыскер болып тумайды. Оны қылмыскер қылатын – орта. Нақтырақ айтқанда, отбасы қай жерде өмір сүреді, бала сол ортадан үйренеді. Егер ол қатыгездіктің ортасында болса, аман қалу үшін өз тірлігін істейді. Міне, осы нәрсе де баланы қылмысқа итеруі мүмкін» дейді кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғайтын әлеуметтік- психологиялық «Шанс» орталығының жетекшісі.
https://youtu.be/TkuUMbhSU3s
– Мысалы, үшінші біреуді алайық. Ол жақсы маман, білімді азамат, табысы да жеткілікті. Келіншегі де тәрбиелі, екі баласына қарап отыр. Ерлі-зайыпты ретінде қарым-қатынасы да жақсы. Үй ішінде ешкім ішпейді, шекпейді. Бірақ оның баласы ертең қылмыс жасамайтынына сенімдісіз бе? Ол белгісіз. Оны біз білмейміз. Ешкім одан сақтандырылмаған. Сол секілді баланың қашан діни ағымға кіріп кететінін де білмейміз, – деді ол.
Бұл мәселе жайында толығымен "Айқын" газетінің "Баланы қылмыскер қылатын - орта" атты материалдан таныса аласыздар.