Уханьда коронавирус шыққаны туралы хабарлаған журналист сотталды
Қытайда Ухань қаласында шыққан коронавирус жайлы хабарлаған журналист Чжан Чжань 4 жылға сотталды, деп жазады bbc.com.
37 жастағы тілші әйел шаһардағы індетті ғаламторда тікелей эфирде көрсетіп, жергілікті дәрігерлерді сынға алған.
Адвокаттың айтуынша, Чжаньға «өз әрекеті арқылы үрей-қорқыныш тудырды» деп айып тағылған. Бірақ журналист кінәсін мойындамады.