Ресейлік мамандар әлеуметтік қашықтықты сақтауға арналған киім шығармақ
Ресейлік мамандар әлеуметтік қашықтықты сақтауға арналған киім шығармақ
202
оқылды
Коронавирус пандемиясына байланысты әлем өнертапқыштары әлеуметтік қашықтықты сақтауға арналған түрлі инновациялық идеяларды ойлап тауып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Ресейлік мамандар да бұдан қалыс қалмады. Олар қауіпсіздік шараларын сақтауға арналған киім жасап шығаруды жоспарлап отыр. Бұл ретте киімге шағын құрылғы қоса тігіледі. Егер басқа біреулер оны киген адамның қасына жақындай кетсе, құрылғы дабыл береді. Осылайша бір жарым метр әлеуметтік қашықтықтың сақталуы қамтамасыз етіледі. Қазір Ресей өнертапқыштары тиісті жобаға қаржы жинаумен айналысып жатыр.
– Киімді киген адамның қасына біреу тым жақындап кетсе, құрылғы дыбыстық белгі береді. Оны кез келген іс-шарада қолдануға болады. Мәселен, құрылғыны киімге қыстырмай-ақ, кірерде қатысушылардың қолына ұстатса, кісі көп жиналатын орындарда қауіпсіз қашықтықты сақтауға болар еді,- дейді зертхана меңгерушісі Антон Артемчук.