Франция мен Испанияда полиция заңсыз жаңажылдық кештерді тарқатты
Франция мен Испанияда полиция заңсыз  жаңажылдық кештерді тарқатты
215
оқылды
Заңсыз көңіл көтеру. Испанияда полицейлер рұқсат етілмеген кешті тарқатты. Ол Барселонаға таяу маңда  200-ге жуық адамның қатысуымен өткен, - деп хабарлады «МИР 24». Жергілікті БАҚ хабарлауынша, адамдар маска кимеген және қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Тәртіп сақшылары барған жерде бірнеше төбелес болғанымен, тәртіп сақшылары жағдайды бақылауға алды.
Францияның батысында Льерон коммунасында жаңажылдық би кешіне 2,5 мыңнан астам адам жиналған. Ол 36 сағатқа созылды. Полицейлер оны тоқтатуға кіріскенде жиналғандар қарсылық көрсетті. Бөтелке және тас лақтырды. Бірнеше жандарм содан зардап шекті.  Сондай-ақ бұзақылар полиция көлігін өртеп жіберді.
Санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін 1,5 мыңға жуық адамға, 200-ге жуық адамға есірткі шеккені үшін айыппұл салынды.