Желі қолданушылары ақынның қонақжайлығына сүйсініп, жылы лебізін білдірген.
Жазбадан бұл хаттар 2002 жылдың желтоқсан айында, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жазылғанын байқауға болады.
Олимпиада алдындағы соңғы жаттығу жиынын шпагашылар Испанияда өткізбек.
Сенатор осы аймақтағы ірі сүт-тауар фермасының бірінде кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті және өңірде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудегі өзекті мәселелерді талқылады.
Қабылдау барысында облыс тұрғындары депутатқа әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, коммуналдық шаруашылық, жол құрылысы және басқа да мәселелерді көтерді.
Концерттік бағдарлама аясында ШЫҰ-ға мүше елдер халықтарының әні мен биі орындалды.
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек пен Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И құжат алмасты.
Су тасқыны қарсаңында барлық су арнасы тазартылды.
Әнші бүгінде алаяқтың арбауына түсіп қалған адамдар көмек сұрап жазатынын айтады.
Өткен жылы Нью-Делидегі саммит барысында Иранның ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі ретінде ұйымға кіруі нақты рәсімделді.
Олимпиада қарсаңында өткен турнирге Франция, Ұлыбритания, Италия, Германия, Швейцария және Қазақстан командалары қатысты.
78 жастағы кейуананың аяғы құрттаған, жәндіктер жыбырлап денесіне кіріп-шығып жүр.
Александр Лукашенко Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. Онда Беларусь Республикасының мемлекетаралық бірлестікке толыққанды мүше болу мәселесі қаралады.
Кездесуде президенттер өнеркәсіптік кооперацияны, энергетика саласындағы өзара тиімді серіктестікті дамыту және өңіраралық байланыстарды жандандыру перспективаларын жан-жақты талқылады.