Ұрпақтың мәңгі есінде
Ұрпақтың  мәңгі есінде
255
оқылды

Қамшының сабындай қысқа өмірінде жаңалық ашу бақыты бұйырған тұлғалардың есімі тарих бетінде мәңгіге алтын әріппен жазылары хақ. Сондай тұлғаның бірегейі Сухан Қамалов бірнеше кен орындарының ашылуына тікелей атсалысқан. Соның ішіндегі ең ірісі – әлемдегі көмірсутек шикізаты қорлары бо­йын­ша аса ірі кен орны – Қарашығанақ. Осы жерасты байлығы қоймасын бұл өлкенің маржаны, ал кәсіптің өзін аймақ пен ел экономи­касының локомотиві деп атайды. Өкінішке қарай, Сухан Мақсұтұлы бір жыл бұрын көз жұмды. Алайда, белгілі геолог ғалым, білікті басшы, іскер және тамаша өндірістік ұйымдасты­рушы тұлғаның өмірі онымен бірге қызметтес болғандар үшін бір мінезділігі мен табан­дылығы, адамдарды ерте білетін жеке бас қасиет­тері үлгі бола білді. Аза тұту күні алдында, осы бір тамаша азаматты еске алу үшін оның әріптес­тері, достары мен жақын­дары жиналмақ ниетте.

Сухан Қамалов Қазталов ауда­нының шалғайдағы Асан-Құдық ауылында дүниеге келді. Ол уақытта, жиырмасыншы ға­сырдың отызыншы жылдар ор­тасында, бұл бірнеше ондаған түтіннен тұратын ауыл болатын. Бүгінде ол жерде бір ғана мал шаруашылық нүктесі қалған. Бірақ оның жерлестері Суханның ес білгелі алғаш естеліктерімен тығыз байланысты үйінің қай тұста тұрғанына дейін әлі күнге ұмытпаған. Өйткені осы бір ға­жап адам туралы естелік ешқа­шан ескірмейді. Соғыс және соғыстан кейінгі жылдарға тап келген балалық шақтың қиын­дығы мол еді. Бастауыш мектепке кез келген ауа райында ондаған шақырым жаяу жүріп жететін. Бала кезден еңбек пен қиын­дыққа үйренген балалар үшін бұл үйреншікті жағдай болатын. Бүгінле Шинная Балка ауы­лын­дағы мектепте Сухан Қама­ловқа арналған бұрыш бар. Кейінгі толқын мен жас ұрпақ оның сонау бала шағынан-ақ, «Еңбек, еңбек бәрін жеңбек» деген қа­натты сөзді ақиқатқа шығар­ғанын білуде.

Сухан Мақсұтұлы өзінің туып-өскен жерін еш ұмытпа­ғанын және байланысын еш үзбегенін атап кеткен жөн. Туы­сы Мұтиғолла Халеловтің ай­туынша, Сухан Мақсұтұлының балалық шағы қиын болды. Ба­лалар еңбектенді. Бірі малға қараса, бірі егін жұмыстарына атсалысты. Сухан малды да бақты, шөпті де жинады. Бірақ ешқашан жабырқаған жоқ. Құрдастары арасында жолбасшы, көшбасшы және үлгі бола білді. Студент кезінен-ақ каникулға келгенде, ауыл балаларына тәт­тілер мен Алматы апортын әкеп беретін.

 – Ол жақсы оқып қана қой­май, өте тәртіпті, жинақы, қабі­летті, ойлы болды, – дейді ол. – Емтиханды сәтті тапсырып, тек бестіктер алатын. Мектеп бі­тір­генде Суханға медалді өзім тап­сырдым. Қатты қуандым. Ол маған туғанымдай еді.

Тағдыр мектеп қабырғасында жүргенде-ақ оны болашақ жары Әминамен жолықтырды. Бұл, шын мәнінде, тағдыр болатын, өйткені ауылда оның туыстары қатар өмір сүрді.

Қысқасы, «көрші едік, кез­десуіміз мүмкін емес» дегендей болды. Қамаловтар отбасының көп жыл бойы берік болуы да осы адамдардың мінез тұрақ­тылығы мен адалдығының куәсі. Мектептегі достық нағыз ма­хаббатқа ұласты. Мектепті жақсы бітіріп, жоғары оқу орнын аяқ­тауды күтуге тура келді. Әмина педагог мамандығын таңдады. Ал Сухан елге геологтан артық беделді және қажет мамандық жоқтығына сенімді еді. Мектепте алған білімі Қазақ мемлекеттік университетінің геология фа­культетіне сәтті түсуіне жеткілікті болды. Оқуын аяқтағаннан кейін Қамалов геологиялық партия коллекторы болып істеді. Өмірде кездескен қиындықтарды жас әйелі де бірге бөлісті.

Қабілетті және табанды жас маман көзге түсті. Мансабы тез көтерілді. Бірнеше жылдан ке­йін-ақ Қазақстан геология ми­нистрлігінің бас геологы боп тағайындалды. Бұл кезде бүкіл республика аумағында геоло­гиялық барлау жұмыстарын жос­парлауға қатысуға тәжірибесі де, білімі де толық жетік еді. Алда әлі Геология және жер қойнауын қорғау жөніндегі комитет төра­ғасының орынбасары лауазы­мындағы жұмысы күтіп тұрған. Алайда бар күш-жігерін жұм­саудың басты нүктесі Орал маңы еді. Ол құдды қайта оралып келе беретін өзіндік координаттар жүйесінің тірек нүктесіндей еді. Бас геолог, Орал мұнай барлау экспедициясының бастығы, «Орал мұнай-газ геология» өндірістік бірлестігінің бас ди­ректоры. Лауазымдар ауысып жатты, алайда жұмысының бас­ты мәні өзгеріссіз қалды. Сухан Мақсұтұлына жоғары кабинет­терде дәл осы Орал маңы есепсіз кө­мірсутек қорларына бай еке­нін қайта-қайта дәлелдеуге тура кел­ді. Қарашығанақ ашылғанға де­йінгі алты жыл бұрын ол Ле­нинград мұнай ғылыми-зерттеу институтында кандидаттық дис­сертациясын қорғады, онда бі­рінші кезектегі іздестіру орын­дарын белгілей отырып, Каспий маңы ойпатының солтүстік бө­лігіндегі жұмыстың келешегі мол екенін теориялық түрде негіздеп берді. Соның ішінде Қарашы­ғанақ құрылымы да аталған бо­латын. Геологиялық барлау ке­зінде де және кен орнын өңдеуде де Сухан Мақсұтұлының бол­жамдары қатесіз дәл келетін. Газ конденсатының алғашқы ағы­нын берген Қарашығанақтың №10 ұңғымасын да өзі қалаған еді. Бұл 1979 жылдың ортасы болатын. Кейіннен докторлық диссертациясында ол тереңде жатқан шөгінділердегі көмір­сутек кен орындарын іздестірудің ғылыми негіздерін әзірлейді.

Қайсарлығы мен табанды­лы­ғының арқасында 90-жылдар­дағы дағдарыстың қиын кезең­дерінен қиналмай өтті. Осы қасиеттері «Қарашыға­нақ­газөн­діріс» басқармасының басшысы лауазымына тағайындау кезінде ескерілді. Экономикалық бай­ланыстардың құлдырау кезіндегі көбейіп келе жатқан мәселелерді тек ерік-жігері мол адам ғана еңсере білді. Сол кезде кен ор­нына Президент Нұрсұлтан Назарабевтың келіп, оны игеру үшін шетел инвесторларын тарту туралы жалғыз дұрыс шешім қабылдауы шешуші рөл атқарды. Қарашығанақтағы жағдайлар туралы оған Қамалов баяндап отырды.

Сухан Мақсұтұлы ең алғашқы инвесторлармен келіссөздер жүргізді. Шетелде де ел мүддесі үшін бірнеше рет өкілдік етті. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш энергетика және отын ресурс­тары министрі Қадыр Байкенов айтқандай, Қамаловпен таныс­тығы, ол геология жөніндегі ко­митет төрағасының орынба­сары боп жұмыс істеген кезінен бас­талды. Сол кезде инвестор­лар­мен жұмысқа тек сол тар­тылды. Сосын, кен орындарын игеруді қай компанияға сеніп тапсыру шешілгенде, Қам­а­ловтан «Қа­рашығынақ­газөн­діріс» өндірістік бірлестігін басқаруды өтінді. Өйткені ол, оның барлық нюанс­тары мен оны дамытудың барлық тәсіл­дерін тамаша білетін.

Ал мынау KAZENERGY ассоциациясы төрағасының орын­басары, техника ғылым­да­рының докторы Ұзақбай Қара­балиннің пікірі.

– Біз Қамаловтың ғылыми зерттеулерге қабілеті жоғары кә­сі­би маман екенін білетінбіз және оның осы кәсіби қасиеттері Қазақ КСР Геология министр­лігінің бас геологы болуына септігін тигізді. Осылайша, ел аумағындағы мұнай-газ жұмыс­тарын басқару, жоспарлау және іске асыруға мүмкіндік берді. Кейіннен Сухан Мақсұтұлы Ба­тыс Қазақстан облысына жұмыс­қа келіп, бас геолог, сосын Орал «Мұнайгазбарлаудың» басшысы болды және Қазақстандағы ең терең ұңғымаларды бұрғылай білетін мамандарымен ерекше­ленді. Қарашығанақтың ашы­луы – оның керемет табыспен аяқталған еңбегі еді.

Биология-минералогия ғы­лымдарының докторы Балтабек Қуандықов та осындай пікірде.

– Батыс Қазақстан облы­сын­да Сухан Мақсұтұлының табан­дылығы мен талап етуінің арқа­сында КСРО Геология министр­лігі арқылы Қарашығанақта жаңа іздестіру нүктесі бекітіл­ді, – дейді ол. – Көп дау болды, бұл ұңғымадан ештеңе шық­пайды, онда мұндай құрылым жоқ, бәрі жеті қиын тереңдікте жатыр деп айтқан «данышпандар» да табылды. Міне, сол ұңғыма артынан бәрі таңғаларлықтай нәтиже берді. Сондықтан Қара­шығанақтың кіндік әкесі Сухан Қамалов деп есептеймін.


Қайсарлығы мен табанды­лы­ғының арқасында 90-жылдар­дағы дағдарыстың қиын кезең­дерінен қиналмай өтті. Осы қасиеттері «Қарашыға­нақ­газөн­діріс» басқармасының басшысы лауазымына тағайындау кезінде ескерілді. Экономикалық бай­ланыстардың құлдырау кезіндегі көбейіп келе жат­қан мәселелерді тек ерік-жігері мол адам ғана еңсере білді. Сол кезде кен ор­нына Президент Нұрсұлтан Назарабевтың келіп, оны игеру үшін шетел инвес­тор­ларын тарту туралы жалғыз дұрыс шешім қабылдауы шешуші рөл атқарды. Қарашығанақтағы жағдайлар туралы оған Қамалов баяндап отырды. 


Өз көзқарасын жай сөзбен емес, ғылыми аргументтерге сүйене отырып дәлелдеуге, қор­ғауға тура келді. Өзі және телав­торлықпен 90 астам ғылыми еңбек жазды. Соның редакция­сымен құрастырылған мұнай және газ кен орындарының ор­наласу картасы аса зор прак­тикалық маңызға ие. Геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Герой Жо­лаев та Қамаловтың ғылыми мұрасы орасан зор екеніне сенімді. Қазақстан – оның бір бөлігі ғана. Сухан Мақсұтұлы бүкіл Каспий маңындағы жерас­ты байлығын игеру жоспарын ғылыми негіздеп шықты.

Мұнай-газ саласының та­лант­ты геологтары мен маман­дарының бірталай шоғырын тәрбиелеуде де Қамаловтың сіңірген еңбегі зор.

Ол туралы фильмдер түсірі­ліп, мақалалар жазылды, әріп­тестері «Сухан Қамалов» кіта­бында оның еңбегін жинақтап, осы бір жоғары дәрежелі маман мен ғажап адам туралы өз пі­кірлерімен бөлісті. Мерейтойына арналған салтанатты жиында жерлестері мен елдің басқа ай­мақтарынан келген қонақтар Қа­зақстан өзінің қазіргі табыс­тары үшін осындай дарынды маманға борышты деп атап кетті. Ғалымның еңбегін Қарашыға­нақтың 40 жылдығына арнал­ған салтанатқа қатысушылар да мойындап өтті. Бүгінгі кен орны – озық технологиялар, ел бюджетіне аса зор аударымдар, қазақстандық тауар жеткізушілер мен қызмет көрсетушілерінің жобасын іске асыруға кеңінен атсалысу, мыңдаған жұмыс орны, тапсырыс берушісі «Қара­шы­ғанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы болып табы­ла­тын ауқымды әлеуметтік жо­балар. Аумағында Қарашы­ғанақ орналасқан Бөрлі ауданының атауы да ел аузында болды. Ондағы өмір, шын мәнінде, қай­нап сала берді. Барлық осы оң өзгерістерге есімі зор алғыспен аталып жүрген адамның тікелей қатысы бар.

Отбасында қамқор әке. Әйелі Әмина екеуі екі ұл мен бір қыз тәрбиелеп жеткізді. Ұлдары әкесінің кәсібін қуғаны – оның талассыз беделінің куәсі. Екі ұлы да И.М. Губкин атындағы Мәс­кеу мұнай және газ институтын бітірді.

– Бас геолог болып істеген кезде, экспедицияға өзімен бірге мені жиі алып жүретін, – дейді ұлы, HSK Capital Holding бас директоры Хаммет Қамалов. – Әкем жұмыс істеген ұжым маған қатты ұнайтын, оны қоршаған атмосфера мен достары. «Геолог­тар – ерекше каста» деп бекер айтпайды. Әкем мүмкін Мәскеу ЖОО тапсырып көру керек шы­ғар деді. Әкем маған үнемі қолдау көрсетіп, жанымда жүрді. Біз бірге бардық. Оқуға түске­німді естігенде, ол қатты қуанды.

Әрине, ата-ана үмітін ақтаған бала үлкен қуаныш сыйлайды. Мұнай-газ саласымен байла­нысты мамандықты Сухан Мақ­сұтұлының екінші ұлы Нұржан да таңдады. Ол әкесінің бас­шылық етуімен Қарашығанақта жұмыс істеп көрді. Қазір ол – Үкіметпен өзара іс-қимыл жө­ніндегі ҚПО директоры.

– Мен геологтар отбасынан­мын, – деп атап өтті Нұржан Суханұлы. – Бұл мамандық таң­дауда өз септігін тигізді. Әкем мені кабинетке отырғызып қой­мады, үш жыл бойы жай жұ­мысшы болып жұмыс істедім. Бұл, әрине қиын, алайда өз мамандығыңның қыр-сырын үйренбей, адамдарды басқара алмайсың. Осы үшін әкеме ал­ғысым зор.

Әкесі олар үшін жұмыста ғана үлгі болып қойған жоқ. Әрқай­сысы басты деп есептейтін мі­незінің бір қырын бөліп атайды.

Хаммет Қамалов: Әкем адам­дарды құрметтейтін, оларды тыңдай білуге үйретті. Жоғары лауазымды тұлға, үлкен қызметте болғанына қарамайтын. Кейде адам өзгереді, асқақтап кетеді. Әкем ешқашан ондай болмады, бастысы – адамды құрметтеу, олардың пікіріне құлақ асу керек дейтін. Менің де қолымнан келіп жүр деп ойлаймын. Өз бетінше әрекет етуге тәрбиеледі. Ол өзі жетім болып өсті, өмірдегі көп нәрсеге өз бетінше қол жеткізді. Сөзсіз осының бәрі маған және менің балаларыма ықпал етті.

Нұржан Қамалов: Өзін та­ныта білу үлкен маңызға ие. Әке-шешеден алғанды барынша пайдаланып, ары қарай өзін дамыту керек. Ол қашанда ұжымның назарында болды. Ақкөңіл мінезімен ерекшеленді, жастарға көп көңіл бөлді. Сухан Мақсұтұлының жұмысын беріліп істеуге, өз мақсатына жетуге, ауқымды ойлауға үйретуінің ар­қасында оның шәкірттері қазір ірі мемлекеттік қызметтерде жүр.

Үй салып, ұл тәрбиелеп, ағаш отырғызу – көпке белгілі қағида. Қамаловтар балаларын жеткізді. Сухан Мақсұтұлы шағын да жайлы өз үйін тұрғызды. Мұнда ол туралы барлық естелік мұқият сақталып тұр. Екі бөлмеге үлкен де бай өмір тәжірибесі сыйып кетті. Кітаптар, журналдар, кә­десыйлар, құжаттар, фотосу­реттер мен бейнелі архив... Құд­ды бір уақыт тоқтап қалғандай осы мұражай үйде. Жәдігерлер аса қымбат дүниедей ұрпақтан-ұрпаққа, қолдан-қолға мақта­нышпен беріліп отырары сөзсіз.

Қонақжай, достарына есігі айқара ашық үйдегі тіршілік өз қағидасымен өтіп жатты және бұлар, өте дұрыс қағидаттар бо­латын. Сухан Мақсұтұлы отыр­ғызған қайыңдар үй шатырынан да биіктіп көктеп кетті. Өз бау-бақшасында жұмыс істеуден еш жалықпайтын. Бұл сонау ауыл­дағы балалық шағынан қалған әдеттер еді.

С.Қамаловпен бірге жұмыс істеп, қызметтес болу бақыты бұйырған әріптестері, ол бүкіл әлем мойындаған Қаныш Сәт­баевтың іргетасын өзі қалаған қазақстандық геологтар мекте­бінің жалғастырушысы бола білді дегенді айтады. Инженерлік академия академигі, ҰҒА мүше-корреспонденті болған ол жо­ғары мемлекеттік наградалармен марапатталды: Октябрь Рево­люциясы, «Құрмет белгісі», «Па­расат» және ІІ дәрежелі «Барыс» ордендері. Осыншама марапат­тарға ие бола тұрып, ол қара­пайым қалпынан айныған жоқ. Оралдағы көмірсутек кен орын­дарын ашуға қомақты үлес қос­қандарға арналған геологтар мен мұнайшылардың Даңқ аллея­сында оның да бюсті тұр. Сухан Мақсұтұлы жұмысбастылығына қарамай, қоғамдық жұмыста да белсенді болды, депутат болып сайланды, облыстық балалар қорын басқарды. «Орал қала­сының Құрметті азаматы» атағы берілді.

«Ұлы» деген ұғым, әдетте белгілі жаңалық ашқандардың есімімен тығыз байланысты. Қарашығанақтың ашылуы өте зор маңызға ие. Кен орны Орал маңы мен бүкіл Қазақстанның экономикасына, әлеуметтік да­муына зор үлесін қосып келеді. Сондықтан кен орнының тұң­ғыш ашушысы Сухан Мақ­сұтұлы Қамалов туралы естелік мәңгілік.

 

Арман ҚҰСАЙЫНОВ