Сіз кімсіз, Серік Шапкенов мырза?
Сіз кімсіз, Серік Шапкенов мырза?
702
оқылды
Аталған министрлік елдегі халыққа берілетін әлеуметтік төлемдерден бастап жұмыспен қамту мәселесін, халықтың күн көріс деңгейін анықтауға жауапты. Серік Жамбылұлы бұған дейін Атырау қаласының әкімі, Атырау облысы әкімінің орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарды. Жаңа министр Серік Шәпкеновтың бұған дейінгі сұхбаты мен пікірін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Шапкенов

Атаулы әлеуметтік көмек алғандар кедейдік шегіндегі адамдар

             Былтыр Серік Шапкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тұрған кезде «атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар кедейлік шегінде» деп пікір білдірген еді.  Сол кездегі мәлімет бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 131 мың адамды құраған.
             «2020 жылдың аяғында жұмыссыздық деңгейі 6,1%  межесінде сақталады. Болжамға бірнеше фактор әсер етеді. Оның ішінде пандемияның екінші толқыны кері ықпал етіп отыр. Карантиндік шаралар жалғасатын болса, бұл динамикаға кері әсер етеді. Сонымен бірге оң факторға Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасының нәтижелерін атауға болады», - деді С. Шапкенов.
Ол баяндамасында былтыр еңбекке жарамды 700 мың адам жұмыссыз қалады деп болжаған еді. Шапкенов

 Серік Шапкенов 42 500 теңгеге өмір сүре ала ма?

Былтыр карантин кезінде жұмыссыз қалған халыққа мемлекет әлеуметтік көмек ретінде 42 500 теңге төлегені белгілі. Бұл қаражат қайда жетеді деген сұраққа жаңа министр кезінде не деп жауап берді?
«Мен жалақы туралы естідім. Біз зейнетақы жарналары мен басқа құралдардың мониторингін жүргіземіз. 42 500 алатындардың санын анықтаймыз. Қазір жұмыс ресурсы жеткіліксіз. Ал бүгінде бірнеше құрылыс компаниялары мен кәсіпорындар арзан жұмыс күшін әкелу үшін шекара ашуды сұрап отыр. Менің 42 500 теңгеге өмір сүре алатынымды білгіңіз келе ме? Менің ойымша, кез-келген жағдайда жалақыны жұмыс беруші белгілейді. Егер бұл сұранысқа ие маман болса, жұмыс беруші оған неге 42 500 теңге төлейді», - деп жауап берген еді Серік Шапкенов.
Ол сол кезде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жалақыны төмендетіп жұмысшыларына 42 500 төлейтін жұмыс берушілерді анықтайтынын айтқан еді.

Модульдік аурухана салуға бөлінген ақша жайында...

Былтыр Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Біржан Нұрымбетов Қазақстанда жаңа 13 модульдік инфекциялық аурухана құрылатынын айтты. Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында алдын ала дайындалған құрылымдардан тұратын үш инфекциялық аурухана салу туралы шешім қабылданған еді. Кейін нысандардың құрылысын BI Group жүргізетіні белгілі болды. Құрылыс құны 14,8 млрд теңгені құрады. Бұл жобаға дайындықты BI Group тендер жарияланғанға дейін бастап кеткен. Кейін Денсаулық сақтау министрлігінің инвестициялық саясат бөлімінің бастығы Аслан Кинаятов BI Group жобалық-сметалық құжаттарсыз және келісімшартсыз Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында алдын-ала дайындалған ауруханалар салып жатқанын айтты. Дағдарыс жағдайында қымбатқа түсетін үш аурухана салу туралы шешім қазақстандықтардың наразылығын туғызды. Сол кездегі Серік Шапкеновтың аталған ауруханаларды қаржыландыруға қатысты пікірі мынадай:
  ««Жұмыспен қамту жол картасы» аясында нысандар жергілікті атқарушы органдар деңгейінде жүзеге асады, яғни жергілікті атқарушы органдар «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасына бөлінген қаражат есебінен модульдік инфекциялық ауруханалардың құрылысына қаражат бөлінеді. Бұл жоба мақұлданды. Аталған бағдарлама аясында қаражаттың бір бөлігі қаржыландырылады», - дейді Шапкенов. 

Шыршаны жақсы көретін әкім

Серік Шапкенов Атырау қаласының әкімі болған кезде (2017 жылы) қаладағы жаңа жылдық безендіруге жергілікті бюджеттен 89 миллион теңге бөлінген екен. Осынша қаражатты бір ғана мерекеге бола шашудың қандай қажеті бар деген жергілікті журналистердің сауалына экс-әкім былай деп жауап беріпті:
«Біз қаланы безендіруге қаражат бөлмедік делік, бірақ басқа қалаларға – Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) немесе Алматыға келгенде бұл қалалардың әсемдігі мен безендірілуіне, үлкен сәнді шыршаларға, жаңа жылдық безендіруге қайран қаласыз. Мен қала мәртебесіне сай оны безендіру керек деп санаймын. Егер біз шыршаны орнатпасақ, қаланы безендірмесек жергілікті халық бәрібір шу шығаратын еді» , - дейді ол.

Марафонға шақырып видео түсірген әкім

Атырау қаласының әкімі болған Серік Шапкенов 2017 жылы халықты марафонға шақырып видео түсіріпті. Экс-әкімнің қойған негізгі талабы айтулы шараға 16 жастан асқан кез-келген адам қатыса алады. Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне орайластырылған және Атырау облысының жеңіл атлетика федерациясының қолдауымен өтетін марафон аяқталған соң қатысушылар үшін қазақстандық эстрада жұлдыздары - Қайрат Нұртас, Маржан Арапбаева және басқалар өнер көрсетеді деп жарияланыпты.  width=Сонымен қатар Шапкенов Атырау қаласының тарихында «ең жас әкім» ретінде танымал болды.