Қазақ телевизиясының алғашқы дикторларының бірі, «Қазақ дикторларының анасы» атанған Зұлқия Мұқанқызы Жұматова 106 жасында өмірден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Зұлқия Мұқанқызы 1920 жылы 20 ақпанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген.
1958 жылы Алматы телестудиясы ашылған кезде дикторлыққа жарияланған байқауға қатысып, 750 үміткердің арасынан үздік шыққан. Осылайша, қазақ телевизиясының алғашқы кәсіби дикторларының бірі атанды.
Ол 1958–1970 жылдары Қазақ телевизиясында қызмет атқарып, ұлттық телевизияның қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты.
2026 жылғы маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Зұлқия Мұқанқызын отандық журналистика мен телевизия саласына сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген еді.
