Төрт түліктен де қауіп бар
Төрт түліктен де қауіп бар
375
оқылды

Қазақстанда ғана емес, дүние­жүзі бойынша жол-көлік оқиғаларынан өлім мен жарақат алу азаймай отыр. Автокөліктердің бір-бірімен ғана емес, тасжолдардан әр­лі-берлі өтетін ірі қара мал­мен соқтығысып, жол-көлік оқи­ғасына ұшырауы  жиіледі.

Тек былтырдың өзінде мал қағу дерегі бойынша 100-ден аса оқиға тіркеліп, салдарынан 40-қа жуық адам қаза тапқан. Жалпы, жылына осындай  неше апат болатыны белгісіз. Себебі көлік пен малдың соқтығысуы сал­дары­нан  адамдар зардап шеккен­де ғана құзырлы органдарда оқиға  тіркеледі. Тасжолда көбіне көлікке соғылатын –  жылқы мен түйе малы. Малы бар тұрғындардың айтуынша, жылқы малы жарықты көрсе, солай қарай бар жылдам­дығымен зымырайды екен. Соны­мен қатар жүргізушілердің де кінәсі бар. Айдалада жылдам­дықты асырып, жан-жағын топ­шыла­майды. қауіп Ірі қара малдың теміржолмен арғы бетке өтуі көп жағдайда қайғылы болып жататыны мал иелеріне оңай емес. Айталық,  Исатай ауданына қарасты бір­неше ауылдың малы Нарын құмының жиегіне жайылады. Ал ауылға қайтарда теміржолдан өту­ге мәжбүр. Арнайы өткел бол­мағандықтан, олар пойызға со­ғылып  өліп жатады. Ауыл тұр­ғын­дарының сөзінше, қауіп­сіз­дік­ті болдырмау үшін теміржол­дың екі бетін қоршауды қолға алды. Бірақ мал ережеге ба­ғынатын адам емес. Бірнеше ша­қырым жерден аңқасы кеуіп келе жатқан жылқы суға қарай ағылғанда анау-мынау қоршауды қарамайды. Бұзып өтеді. Жарақат алады. Пойыз астына түседі. «Тұрғындарға малыңды қолға ұста, бағыңдар» дегенімен, жа­йылым жерлердің топыраққа ай­нал­ғаны малшыларды да, азын-ауық малмен күн көріп отыр­ған тұрғындарды да алаң­датып отыр. Сондықтан бүгінде ірі қара малы барларға  жарық шағылыс­тырғыш ленталар таратылып берілуде.

Исатай ауданына қарасты бірнеше ауылдың малы Нарын құмының жиегіне жайылады. Ал ауылға қай­тарда теміржолдан өту­ге мәжбүр. Арнайы өткел бол­мағандықтан, олар пойызға со­ғылып өліп жатады. Ауыл тұр­ғын­дарының сөзінше, қауіп­сіз­дік­ті болдырмау үшін теміржол­дың екі бетін қоршауды қолға алды.

Атырау облысында бұл іс-шара өткен жылдан бері қолға алынды. Биыл сол қайта жалғасын тауып, Полиция департаментімен өңірде жол қозғалысы қауіпсіз­ді­гін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шара жүргізілуде. Солар­дың бірі  – республикалық маңызы бар тасжолдарда болатын жол апаттарының алдын алу. Талдау көрсеткендей, ірі қараның кесірінен болатын жол-көлік оқиғасына көпшілік қас қарайған шақта жиі ұшырайды. Қазір мал иелеріне жарық ша­ғылыс­тырғыш таспа-ленталар  мен спрейлер таратылуда. Көлік жүргізушісінің дер кезінде жол апатынан сақтануына  малға тағылған жарық шағылыс­тырғыштың көмегі көп. төрт түлік Атырау облысы Полиция де­партаментінің ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Мейірім Ердәулеттің айтуынша, малға тағылатын жа­рық шағылыстырғыш  жабдықтар Атырау–Доссор–Құлсары–Бейнеу республикалық ма­ңыз­дағы автокөлік жолының Жылы­ой ауданы тұсындағы, авто­көлік жолына жақын ор­наласқан және жолға шығу қаупі бар деген 4 шаруа қожалығы иелеріне  табыс етілген. Айтарлығы, 2019 жылы тас­жолдарда малдың қатысуымен 3 оқиға болып, 4 адам қайтыс болды, бір адам жарақат алған.  Өткен жылы да көлік пен ірі қара малдың соғылуынан жарақат алған оқиға көбейіпті. Мұның алдын алудың жолы – жүргізуші де, шаруа да бейқамдық танытпау керек. Tyrsin       Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы