Сейтметовпен ешкім таласпауы керек
Сейтметовпен ешкім таласпауы керек
249
оқылды

Осыдан біраз уақыт бұрын Түркістан облысының әкімі Өмір­­зақ Шөкеев жаңа театрдың ұжымын қабылдап, кездесу өткізеді. Бұл ақпаратты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі тарат­­қан. Хабарламада:  «Түркістанда бой көтерген жаңа театр­да Азамат Сатыбалды, Хамит Шаңғалиев, Данияр Базар­­құлов, Әсем Шарифуллина, Әйгерім Бозщина сияқты елімізге белгілі өнер жұлдыздары еңбек етеді» делінген.

Бұл ақпаратты Түркістан об­лы­сы әкімінің баспасөз қызметі таратты. Ақпаратта жаңа театрдың шы­ғармашылық ұжымын таныс­тырып отыр. Ал YouTube каналына Райымбек Сейтметовтің төл шәкірттері видео жариялап, онда театрды балалар театрына айнал­дырмақ екенін айтып, әлеуметтік желіде үндеу жолдаған еді. Олар: «Түркістан қалалық сазды драма театрын Райымбек Сейтметов атын­да қалдыру­ларыңызды сұра­на­мыз» деп отыр. Ал облыстық әкімдіктің хабар­ламасында аты аталған актер, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының дирек­торы Азамат Сатыбалдыға қоңы­рау шалғанымызда, ол өзінің жауа­бын Instagram парақшасына жазғанын айтты. «Менің оған алып қосарым жоқ. Түркістан облыс­тық театрына да қатысым жоқ», – деді. Ол Instagram парақ­шасында: «Мені Түркістан театрына ди­ректор болып барады деген өсекке бергісіз сөз желдей есіп жатыр екен. Ниет, көңілдеріңізге рақмет! Қа­зір тұрып жатқан әсем қалам Алма­ты мен жұмыс орным қатты ұнайды. Мен Ғ.Мүсірепов театры­ның басшысымын және М.Әуезов театрының актерімін. Актер үшін бұдан асқан бақыт бар ма?! Тек осы бақыттың баянды болғанын тілей­мін. Ал менің атымды жамы­лып, дауды өршіткісі келетін әріп­тестеріме айтарым... «Айдаладағы адам­ның атын қалқан қылып ұс­та­­масаңыздар екен»... Ең болма­са, бір адам телефон шалып, менен сұраған жоқ, менің де аузымнан ол жаққа директор болып бара­мын деген сөз шыққан жоқ. Құдай куә. Демек, бәрі өтірік! «Жүйелі сөз жүйесін тапса, жүйесіз сөз ие­сін қабады» дегенді ұмытпасақ екен. Рақмет!» делінген. Осы мәселеге байланысты Түркістан облыстық  Мәдениет басқармасына хабарласқан едік. Басқарма басшылығы бұл мәсе­леге жауапты қалалық Мәдениет басқармасы екенін айтып, жауа­бын шолақ қайырды. Мәдениет және спорт ми­нистр­лігінің баспасөз қызметіне қоңырау шалғанымызда, олар об­лыстық театрға облыстық әкім­дік жауапты екенін жеткізді. Ми­нистр Ақтоты Райымқұлова­ның кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев Facebook парақшасында: «Көп таланттар астананы армандайды, мүмкіндігі мол мегаполистерді мекендейді, елге танылуға жағдай жасалатын жерлерді төңіректейді. Алайда туған жерге туын тігіп, өз өл­кесін өркендетуге барын, жа­нын салған талантты да, текті тұл­­ға­лар аз емес. Солардың бірі – Түркістан музыкалық драма театрының негізін салған, актер, режиссер, талай шәкірттерді тәр­биелеп шығарған ұстаз Райымбек Сейтметов. Райымбек Ноғайбай­ұлының Түркістанда театр ашуы сол кездегі жағдаймен қарағанда, «жоқтан бар жасаумен» тең тірлік, әсілі ерлік еді. Оның іргетасынан бастап өзі қалап, көрермені көп өнер ордасына айналдырған Ра­йым­бек Сейтметовтің ерен еңбе­гін ел біледі. Жақында облыс ор­та­лығы болған Түркістан ша­һарына жаңадан театр салынды. БАҚ өкілдері мен Райымбек Сейт­­­­­метовтің шәкірттері сол су жаңа ғимаратқа ұстазының атын беріп, оған ескі театрды көшіруді сұрап, әлеуметтік желі арқылы үндеу жолдап жатыр. Иә, көрер­мендері мен шәкірттері айтқандай, түркі жұртының рухани астанасы болған Түркістанға руханияттың орда­сын салып, қалыптастырып, аяққа тұрғызған Райымбек Ноғай­бай­ұлымен ешкім таласпауы ке­рек. Бірақ бұл – облыстық театр. Ал облыстық деңгейдегі театрға басшыны тағайындауды тек сол облыс әкімдігінде, ал бір адамның атын беру мәселесі алдымен сол жергілікті мәслихатта қаралады» деп жазады. Бізді қызықтырғаны – театр­дың директорын тағайындау емес, актерлердің құрамы.  О бастағы әкімдіктің ақпаратында «еңбек етеді» деп айтылған актерлер аяқ­астынан неге айнып кетті? Жастар  театры актерлері жарыса жазып жатқан «кастинг» мәселесі де неге аяқасты сап тыйылды?  Хабар­лама­да:  «Театрдың актерлік құ­рамы әлі толығады. 1 ақпаннан бас­тап кастинг жарияланып, жаңа театрдың әртістік құрамы жасақ­талмақ. Түркістан қалалық сазды-драма театры сахна саңлақ­тары­ның басын қосқан қара шаңырақ­қа айналмақ» делінген еді. Жаңа театрдың шығармашылық ұжымы қалыптасқаны дұрыс-ақ делік. Оған Райымбек Сейтметов теа­тры­ның ұжымын апаруға не ке­дер­­гі? Райымбек Ноғайбайұлының төл шәкірттерін де, оқырманды да  тол­ған­дырып отырған сауал – осы. Ал жауапты делінген Түркіс­тан қалалық Мәдениет басқар­масына қоңырау шалғанымызбен, жауап ала алмадық.

Айым БЕКТҰР