СҚО-да ер адам ауылдасының итін сойып жеген
СҚО-да ер адам ауылдасының итін сойып жеген
146
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында ер адам ауылдасының байлаулы итін ұрлап әкетіп, сойып жеген, деп хабарлайды СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі. Тоқшын елді-мекенінің тұрғыны полицияға хабарласып, біреудің түнде итін ұрлап кеткеніне шағымданған. Әйелдің айтуынша, неміс овчаркасы үйдің қасында темір шынжырға байлаулы болған. Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне «Ұрлық» бабы бойынша енгізілді. Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтады. Ол сол ауылдың 2001 жылғы тұрғыны болып шықты, бұрын сотталған. Итті сойып жеу үшін ұрлап кеткен. Оған ешқайда кетпеу жөнінде шара қолданылды. Қазіргі уақытта осы іске байланысты бірқатар тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады.