Мұғалімдерді вакциналау шарасы жүргізіледі
Мұғалімдерді вакциналау шарасы жүргізіледі
134
оқылды
Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мұғалімдерді вакциналау шарасы басталатынын айтты. «Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жалғасып жатыр. Қазіргі кезде бірінші компонентпен 20 157 адам егілді. 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен вакциналау басталып, 2 137 адамға екпе жасалды, қолайсыз көріністер тіркелген жоқ», - деді Е. Қиясов брифингте. Оның айтуынша, 23 ақпаннан бастап Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген 93 мың доза мөлшеріндегі вакцинаның екінші партиясын жеткізу басталды. Осы вакцинамен медицина қызметкерлерін егу аяқталған соң педагогтарды вакцинациялауды бастау жоспарланып отыр.
«Вакциналау барлық өңірлерде жүргізіліп жатыр. 786 егу пункті ашылды, олардың 170-і қазіргі уақытта егу жұмыстарын жүргізіп отыр. Барлығы салқындату тізбегін қамтамасыз ету үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. 9 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды», - деді вице-министр.