Әлібек Қуантыров Ұлттық экономика вице-министрі болды
Әлібек Қуантыров Ұлттық экономика вице-министрі болды
547
оқылды

Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Әлібек Сәкенұлы Қуантыров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды» делінген ресми хабарламада. Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған. Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастады. 2005-2010 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2010-2013 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары. 2013 жылы  – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары. 2013-2019 жылдары – ҚР Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды. 2019 жылғы сәуірден қазіргі уақытқа дейін – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.