Алматы – Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты
Алматы – Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты
5,124
оқылды
Алматы – Бішкек тас жолында қалың қар мен көктайғақ салдарынан 7 көлік соқтығысты. Бір адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне жіберілді, – деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі. Қазіргі таңда облыс аумағында боран соғып, бұрқасындатып тұр. Талдықорған – Үшарал бағытында қоғамдық көліктер мен дизельдік қозғалтқышы бар көліктерге қозғалыс шектелді. Сондай-ақ ауа райының бұзылуына байланысты Алматы – Өскемен тас жолынан Қапал Арасан шипажайына дейінгі 45 шақырым жол көліктің барлық түріне жабылды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері алыс сапарлардан бас тартып, сақ болуды ескертеді. Оқиға бүгін болған. Ресми мәлімет бойынша 7 көлік соқтығысқан. Оның ішінде біреуі жолаушылар автобусы.