Nur Otan партиясы Төрағасы Бауыржан Байбекті қабылдады
Nur Otan партиясы Төрағасы Бауыржан Байбекті қабылдады
201
оқылды
Кездесуде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ сайлауаралық кезеңдегі партияның жұмыс жоспары талқыланды, – деп хабарлады elbasy.kz.
– Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламаны қабылдадық. Енді оны жүзеге асыру мәселесіне көңіл бөлу керек, – деді Елбасы.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті партияның пандемия кезінде халықты қолдауға бағытталған жұмысының маңыздылығын атап өтті.
– Пандемия халықтың әл-ауқаты мен бизнеске кері әсерін тигізіп жатыр. Сол себепті біздің міндетіміз ­– жұртшылыққа жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыру, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
 Nur Otan  партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Елбасыға партияның сайлауалды уәделерін орындау жөніндегі Республикалық жол картасын таныстырып, онда қамтылған индикаторлардың 24 пайызын биыл іске асыру жоспарланып отырғанын айтты.
– Республикалық Жол картасы Мәжілістегі фракцияда Премьер-министрдің, Үкімет мүшелерінің және депутаттардың қатысуымен талқыланды. Оны жүзеге асыру үшін 1700 көрсеткіш басшылыққа алынды. Биыл бұл индикаторлардың 24 пайызын орындау жоспарланып отыр. Өңірлерде сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша 216 жол картасы талқыланды. Соның аясында 80 мың индикаторға қол жеткізу көзделген. Алдағы бес жылда партияның сайлауалды уәделері толық орындалады, – деді Б.Байбек.