Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда жерге шұғыл қонды
Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда жерге шұғыл қонды
144
оқылды
Алматы облысында Ан-2 ұшағы Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 шақырым жерге мәжбүрлі түрде қонды. Ұшақ бортында 5 адам болған.
"Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесінің Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсі Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км. жерде мәжбүрлі түрде қонды, - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарламасында.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізетін болады.