Алматыда автобус  екі көлікті соғып, «Mega» сауда ойын-сауық орталығының автотұрағына кіріп кеткен
Алматыда автобус  екі көлікті соғып, «Mega» сауда ойын-сауық орталығының автотұрағына кіріп кеткен
232
оқылды

Оқиға сенбі күні кешке болған. Сейфуллин мен Төреқұлов көшелерінің қиылысында №123 автобус Hyundai Elantra көлігіне соғылды. Сөйтіп көлік жол жиегіне ұшып кетеді.

Ал автобус жол-жөнекей электр қалқанын құлатып, бағдаршамның жануын күтіп тұрған екі адамды қағады. Әрі қарай автобус автотұрақ аумағына кіріп кетіп, Mega park қабырғасына барып соғылады. Сондай-ақ ол тұрақтан шығып келе жатқан Volkswagen Polo көлігін соққан. [caption id="attachment_115349" align="alignnone" width="1024"]көлік ©sputnik[/caption] Апат салдарынан бес адам зардап шекті – автобус жүргізушісі, Volkswagen Polo жүргізушісі мен екі жолаушысы және жаяу жүргіншілер жолында тұрған екі адам. Соңғы екеуі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Автобус жүргізушісінің не себепті рөлге ие бола алмай қалғаны әзірге белгісіз. Полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.