Елорданың сол жағалауындағы «Избушка» дәмханасында өрт шықты
Елорданың сол жағалауындағы «Избушка» дәмханасында өрт шықты
176
оқылды
Елорданың сол жағалауында орналасқан «Избушка» дәмханасында өрт шықты.
«5 наурызда сағат 11:48-де Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ бөлімшелері Достық 1 мекенжайында орналасқан «Избушка» дәмханасына шақырту бойынша шықты», – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сөндіру бөлімшесінің 13 адамы және 3 бірлік техникасы жұмылдырылды. Олар мекенжайға келген бетте дәмхананың ас үй бөлмесінің жанып жатқанын анықтаған.
«Өрт орнында қою түтін шықты және қазіргі кезде өрт сөндірушілер өртті оқшаулау жұмыстарын жүргізуде. Өрт 12 сағат 10 минутта ауыздықталды», – делінген хабарламада.