Сарысу ауданы әкімінің қызметінен босатылу себебі белгілі болды
Сарысу ауданы әкімінің қызметінен босатылу себебі белгілі болды
221
оқылды
Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықовтың қызметінен босатылу себебі белгілі болды.
«Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықовтың қызметінен босатылуы Жаңатастағы қайғылы жағдаймен байланыстырылып отыр. Өрт салдарынан шаһарда 5 бала көз жұмған болатын. Бұл екі оқиға бір-бірімен мүлде байланыспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Бақытжан Жақсылықовты қызметтен босату туралы шешім өзінің берген өтініші негізінде қабылданғанын хабарлаймыз», – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.