Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл мұғаліміне алғыс айтып, хат жазды
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл мұғаліміне алғыс айтып, хат жазды
233
оқылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үштөбеде тұратын білім саласының ардагерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады,– деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы Кемел Тоқаев атындағы мектепке барып, ардагер ұстаз Валентина Спиридоноваға ел Президентінің 8 наурыз мерекесіне орай жолдаған құттықтау хатын жеткізді. "Құрметті Валентина Григорьевна! Сізді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Осы бір көктемнің көрікті де шуақты күнінде қайырымдылығыңыз, түсіністігіңіз және жемісті еңбегіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Әрбір атқан таң Сізге және сіздің жақындарыңызға мейірім, сүйіспеншілік пен жан жылуын сыйласын. Сізге Зор денсаулық, мол бақыт тілеймін!", – делінген құттықтауда. Валентина Спиридонова өзіне көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдірген. "Уақытының тығыздығына қарамастан, ұстазын, туған мектебін ұмытпайтын Қазақстан Республикасының Президентіне зор алғысымды айтамын. Мен бүкіл өмірін жастарды тәрбиелеуге арнаған ауыл мұғалімімін. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың мені ұмытпағанына қуаныштымын. Адамгершілік тұрғысынан шексіз ризашылығымды білдіремін. Қазақстанымыз көркейіп, гүлдене берсін, – дейді ардагер ұстаз.