763 адам, оның ішінде 95 бала мен 2 шетел азаматын құтқарды.
«Қазгидромет» Ақмола, Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, СҚО және Маңғыстау облысы аумағында дауылды ескерту жариялады. ТЖМ-нің жедел штабы жұмыс істейді. Штаб Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, СҚО, ШҚО-да да бар.
Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты 7 өңірде республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесі және 60 облыстық маңызы бар учаске жабылды.
Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облысында ауа райы құбылмалы болып тұр.