Бүгін ауарайы құбылмалы болады. Өңірлерде жаңбыр, ал солтүстікте қар жауады. Сондай-ақ, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел күшейеді. Оңтүстікте найзағай ойнайды.
Ақмола, Қостанай облысында тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20, екпіні 23-28 метрге жетеді.
Жамбыл облысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с, тұман түсіп, түнде көктайғақ болады.
Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке жетеді.
Түркістан облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады, таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болып, Жарма ауданында екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, жаяу бұрқасын болады.
Түнде Қызылорда облысында көктайғақ болып, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.
Түнде және таңертең Алматы облысында тұман түседі, Жалаңашкөлде желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке жетеді.
Павлодар облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, кей жерлерде екпіні 25 м/с болады. Күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Атырау облысында көктайғақ болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз Маңғыстау облысында көктайғақ болады.