Қазақстанда короновирустан емделіп жатқан 230 адамның жағдайы ауыр деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
«10 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 476 адам короновирус инфекциясынан (13 730 КВИ+ және 4 746 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 555 пациент стационарда, 13 921 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 230 адамның жағдайы ауыр; 56 пациенттің жағдайы өте ауыр; 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», – делінген хабарламада.