Бүгін ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр, қар жауады. Түнде оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда нөсер жауын жауады.
Тек қана батыста күндіз антициклон әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысында бұрқасын болып, тұман түседі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с болады.
Ақмола облысында көктайғақ болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, кей жерлерде жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с болады.
Алматы, Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді.
Павлодар облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, кей жерлерде жел секундына 15-20 жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с болады.
Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.
Қызылорда облысында көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Түркістан облысында түнде тауда тұман түседі, кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында тұман түседі, түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды.
Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын болып, жел 18 м/с жылдамдықпен соғады.
Маңғыстау облысында көктайғақ, Атырау облысында тұман болады.