Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.
«Биыл 9 наурыздағы мәлімет бойынша салымшылар жинағын алу үшін 138,9 мың өтініш берген. Олар 721,7 миллиард теңге қаржы алады. Оның 99,7 пайызы алған қаржысын тұрғын үй мәселесін шешуге жұмсайды», – деді Ерболат Досаев.
Ал 402 азаматтың 936,3 млн теңге сомасындағы зейнетақы жинағы 4 басқарушы компанияға сенімгерлікпен басқаруға берілді.
Зейнетақы жинағын алатындардың көш басында Маңғыстау облысы мен Алматы және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары тұр. Бұл – жинағын мерзімінен бұрын алатындардың – 62,5 пайызы.