Партия алаңында қабылдау өткізді
Партия алаңында қабылдау өткізді
198
оқылды

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қызылорда облыстық Полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Бектөре Сұлтан азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қоғамдық қабылдауда мал ұр­лығы, жер дауы және тағы басқа құқықтық мәселелер қозғалды. Жеке қабылдауға келген қала тұр­ғыны Арман Мадиханов спортпен айналысатын ішкі істер қызметкер­лерін облыс атынан қатысатын спорттық шараларға қатыстырмай­тыны жөнінде айтты. Тұрғынның шағымы бойынша зерттеу жүргі­зіліп, алдағы уақытта Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық және республикалық жарыстарға қаты­суына ықпал жасалатыны жет­кізілді. Ал қабылдауда болған Баймұрат ауылының тұрғыны Күлжахан Аяхметова мал ұрлығына қатысты жасалған қылмыстың әлі күнге ашылмағанын айтып шағымданды. Оның сөзінше, белгісіз біреулер қорасында тұрған жылқысын ер-тоқымын қалдырып, ұрлап кеткен. Департамент басшысы аталған шағым негізінде тұрғынның уәж­дерін жеке бақылауына алды. Сондай-ақ қабылдауға келген тағы бір тұрғын тұрақты баспана алып береміз дегендерге алданып, несие алып, енді несиенің үсте­меақысын өндіре алмай жүргенін айтып шағымданса, енді біреуі мас күйінде көлік жүргізіп, 15 тәулікке қамаққа алынған баласы үшін кешірім сұрап, босатуға көмек сұрады. Тұрғындар өтінішін мұқият тыңдаған департамент басшысы азаматтарға заң аясында кеңес берді.

Әбілмансұр ЖАСАН