Қордай ақсақалдары Бердібек Сапарбаевқа не болғанын айтып берді
Қордай ауданында вице-премьер Бердібек Сапарбаев ауруханаға барып, жаппай төбелес кезінде зардап шеккен тұрғындармен сөйлесті, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты.
Медициналық мекемелерге 12 адам жатқызылған, 20 адам бақылауда және емханадан шығуға әзірленіп жатыр. 5 пациент санитарлық авиация желісі бойынша Алматы қаласына, 1 адам Тараз қаласына ауыстырылды. Барлығына қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Медициналық көмекке барлығы 127 адам жүгінді, оның ішінде 84 адам тексеруден соң үйлеріне жіберілген.
[caption id="attachment_11952" align="alignnone" width="1024"] © Сурет авторы – Бауыржан Жуасбаев[/caption]
Аудан ақсақалдарымен әңгімелесу кезінде Бердібек Сапарбаев болған кикілжіңнің негізгі себептері туралы сұрады.
"Себебі - тұрмыстық кикілжің. Қазір жағдай тұрақталды. Барлығы заң бойынша, құқықтық сала аясында болуын сұраймыз", - деді Сортөбе ауылының тұрғыны Арли Мусаров.
[caption id="attachment_11954" align="alignnone" width="1024"] © Сурет Премьер-Министрдің баспасөз қызметінен[/caption]
Вице-премьер ауданда тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет комиссиясы арнайы келгенін айтты.
"Біз сіздерден, қоғамда беделі бар ақсақалдардан тұрғындарға біздің жағдайды объективті тұрғыда анықтау үшін келгенімізді түсіндіруіңізді өтінеміз. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық және басқа да көмек көрсетіліп жатыр. Қазір басты мәселе - өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету", - деді Сапарбаев.
Қордай ауданында үкімет комиссиясы Қордай, Масаншы, Ауқатты, Сортөбе елді мекендеріндегі қазіргі жағдаймен танысып, жергілікті тұрғындармен, оқиға кезінде қаза тапқандардың отбасымен бірқатар кездесу өткізеді, зардап шеккендерге барады, тұрғын үйлерді, әлеуметтік және коммерциялық нысандарды аралап көреді.
[caption id="attachment_11955" align="alignnone" width="1024"] © Сурет primeminister.kz сайтынан[/caption]
Облыс әкімдігімен бірлесіп қаза тапқандарды жерлеуді ұйымдастыру, келтірілген залалды бағалау және зардап шеккен меншік нысандарын қалпына келтіру бойынша көмек көрсетіледі.