Түркістандық депутат 112 отбасыға азық-түлік таратты
Түркістандық депутат 112 отбасыға азық-түлік таратты
166
оқылды
Түркістан облысы Сайрам ауданында Наурыз мерекесі игілікті істермен өрнектеліп жатыр. Наурыздың 18‐і "Игі істер күні" деп аталып, бұл күні әр адам өзінің мүмкіндігіне қарай жақсылық жасады. Солардың бірі –  Nur Otan  фракциясының мүшесі Динара Егамбердиева. Облыстық мәслихат депутаты Динара Егамбердиева "Қамқорлық" бағдарламасы аясында Сайрам ауданындағы 112 отбасына азық-түлік жиынтығын тарту етті. Бұл 112 отбасы көмекке мұқтаж болғанымен, мемлекеттен ешқандай төлем алуға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан "Бақытты отбасы" жобасы, "Қамқорлық" бағдарламасы аясында тұрақты қолдау көріп келеді. Жас депутаттың игі іс-шарасына аудан әкімі, Nur Оtan партиясының Сайрам аудандық филиалының төрағасы Ұ.Садібеков және партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әбдіқадыров, аудан әкімінің бірінші орынбасары А.Өсербаев, аудандық мәслихаттың хатшысы, депутат Ш.Халмурадов қатысып, қолдау білдірді. Биыл депутаттық мандатқа ие болған Динара Егамбердиева бұған дейін де ондаған отбасына көмек көрсеткен болатын. Nur Otan  партиясының сайлауалды бағдарламасын орындауға үлес қосып жүрген депутат тұрақты түрде қоғамдық қабылдау өткізіп, өзекті мәселелерді шешуге атсалысып келеді.