Елордалық спортшылар 80 жастағы ақсақалдың ауласының қарын күреуге көмектесті
Елордалық спортшылар 80 жастағы ақсақалдың ауласының қарын күреуге көмектесті
211
оқылды
Биыл Нұр-Сұлтанда Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесін атап өту игі істерге арналады. Сауабы мол мұндай істен елордалық спортшылар да шет қалмады. Олар елордада қарт кісілердің ауласының қарын күреуге көмектесті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Бір топ әлем және Азия чемпиондары Үркер тұрғын алабында тұратын 80 жастағы ақсақал Мереке Ақашев пен «Алтын Алқа» иегері Марғима әжейдің ауласының қарын күреді. Елордалық спортшылар қар шығару үшін арнайы техниканы да жұмылдырған. Акцияға 20-ға жуық адам қатысты. Олардың арасында джиу-джитсудан әлем чемпионы Ислам Мамилов, муай-тайдан әлем чемпионы Алмаз Сәрсембеков, киокушинкай-кан каратэден әлем чемпионы Әлішер Карменов, таэквондодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Қанат Бағжан, таэквондодан «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындарының жеңімпазы Ерасыл Бекболат бар. https://www.youtube.com/watch?v=B2emU-LO6nA&feature=emb_title