Жетісайлық тракторшы қыз күніне 10 гектар жер жыртады
Жетісайлық тракторшы қыз күніне 10 гектар жер жыртады
566
оқылды

Ол бүгінде трактормен жер жыртып, табыс та табады. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігі хабарлады.

Кәмшат Дөненбаеваның ізбасары Арай Асылбекқызы Түркістан қаласында жоғары оқу орнында 1-курста оқиды. Болашақта мамандығы бойынша тіс дәрігері болмақ. Әкесі Асылбек Ақыншаевтың айтуынша, қызы трактор жүргізуге бала кезден қызыққан.    width=

«Қызым кішкентай кезінен тракторға қызығатын. Он екі жасынан трактор айдап үйренді. Ұлдарымның біреуі оқуда, біреуі жұмыста кезінде көмектесіп жүрді. Жер жыртып, егін еккенде қасымда жүретін көмекшім», – дейді Асылбек Ақыншаев.

Тракторшы қыздың айтуынша, тракторды өзі де жөндей алады.    width=  width=

«Бала кезден жеңіл көлікке қарағанда, тракторға қызықтым. Күніне шамамен 10 гектарға дейін жер жыртып, тырмалаймын. Трактор істен шықса, аз-кем техникалық ақауын өзім де жөндей беремін. Табиғатыңа жат демей үйреткен әкем мен ағаларыма рақмет айтамын», – дейді тракторшы Арай Асылбекқызы.

Біз бұған дейін "Көк трактор көп сұрап тұр" деп жазған болатынбыз.

*Фотолар Жетісай ауданы әкімдігінің Facebook-тегі парақшасынан алынды