Z ұрпақтың сипаты басқа
Z ұрпақтың сипаты басқа
579
оқылды

1990 жылдардың бел ортасында дүниеге келген балаларды Z ұрпақ деп атаймыз. Олар жастайынан жаңа технологиямен дос болып, инноватор болуға бейімделген. Әлеуметтанушылар Z ұрпақтың кейбір ерекшелігіне қарап, Generation-MeMeMe деген арнайы атау ойлап тапқан. Яғни, олар ішкі әлемінде де, сыртқы ортада да мен-мендеп тұрады. Мұны кейде ата-аналар түсінбей жатады. Ал мамандар балаларды түсінетін әлеуметтік орта жоқ дейді.

Generation-MeMeMe

Иә, «зеттердің» ойлау жүйесі бөлек. Олар ата-аналары сияқты «не киемін, не ішемін» деп ойланып өс­­кен жоқ. Аға-әпкелері ұқсап ала таңнан кешке дейін далада асыр са­­лып ойнап, түнде шамның жа­рығымен сабақ оқымады. Сон­­­­­дық­­­тан психологияның бөлек бо­луы заңдылық. Мысалы, сіз бен біз бала болсақ та, ата-анамыздың жағ­дайын түсініп, көп нәрсе талап ет­педік. «Зет­тер», керісінше тікелей талап етуге бейім. Олардың ортасы сон­­дай. Сыныптағы беделі қолын­дағы смарт­­­­фонның маркасына тәуелді болуы әбден мүмкін. Бұл қарама-қайшылықты бізге пси­холог-суицидолог Михаил Смец­кой түсіндіріп берді. Ма­ман­ның ай­­туын­ша, «зеттер» био­ло­­гиялық және әлеуметтік қажет­­ті­ліктерін толық қанағаттандырғысы келеді. Мысалы, Михаил Смецкой мек­теп­ке аға­­­­ларынан қалған киімді киіп бар­­­­ғанын немесе ескі киімді жамап ки­­­­­­­­­­генін айтады. Бұл сол ке­­зең үшін қалыпты жағдай еді. Қазір «зет­­­­тер­­­дің» бірі мектепке ескі киім­­­­мен ке­­летін болса, оған «атаң­ның киімін үстіңе іліп алғансың ба?», – дейді. Ал балалардың талап-тілегін ата-ан­а­­­­лары мен ұстаздары түсін­бей жа­­­­тады. Өйткені олар жаңа ұрпақ тә­­­­­різді тоқшылықта өмір сүрген жоқ. Осылайша, Z ұрпақ пси­­хо­логиясын жіктеп көрсек болады. Біріншіден, «зеттер» шынайы өмір мен виртуалды өмірдің айыр­­­машылығын жете түсінбейді. Мы­салы, ол үшін виртуалды дос пен күн­­делікті өмірде көріп жүрген досының қарым-қатынасы бірдей көрінуі мүмкін. Екіншіден, бұлар нақты шешім қабылдауға бейім. Өзіне ұнамайтын заттан бірден бас тарта алады. Яғни, оны қинап бір іске жегіп қою – қиынның қиыны. Үшіншіден, «зеттердің» өздеріне ыңғайлы атмосферасы бар. Бай­­қасаңыз, стиль де соларға қарай икемделіп жатыр. Қазір тойға, мерекелік кештерге біз өкшелі тақамен емес, ыңғайлы кроссовка киіп барады. Киім таңдарда да оверсайз стильді жөн көреді. Білім-ғылымға келгенде де, ата-аналары таңдап берген мамандыққа оқығы­­сы келмейді. Тіпті, жоғары оқуға түспей-ақ әртүрлі мамандан­­­ды­рылған курс оқып, бизнес ашуға құмар. Төртіншіден, олар арман-қиялға ерік бермей, реализммен өмір сүреді. Армандап қана қоймай, мақсатты жүзеге асыру керегін жете түсінеді. Ғалымдардың айтуынша, мұн­дай ұрпақ ғылым, робототехника мен өнерге қызығады. Өзіндегі басым бағытты айқындап, соны шыңдауға әрекет етеді. Экология мен медицинадағы мәселелер де маңызды. Мысалы, «зеттердің» әлеу­­меттік желіде құндыз ішік­­тердің сәннен қалғанын, бұл жан-жа­нуар­­ларға зиян келтіретінін жа­­­­­рыса жазады. Байқасаңыз, олар тек жа­зып қана қоймай, ұстанымын соңына дейін дәлелдейді.

Қандай мәселе бар?

Жоғарыда артықшылықтарын жаздық. Енді смартфон дәуірі өкілдері кездесетін бірқатар проб­лемаға тоқталайық. «Зеттер» сұ­раған қажеттілікті өтеуі үшін ата-аналары күні-түні жұмыс істейді. Яғни, көп­шілігінің бала көңіліндегі түйінді тарқатуға уа­қыты жоқ. Z ұрпақ «Қазір урбанизацияның үлесі басым екенін ескерейік. Мынадай ұғым бар: «қалада халық саны кө­­­бейіп, жаңа мүмкіндіктер ашыл­ған сайын адам жалғыз қалады». Оның көкейіндегі ойын, сауалын естір жан азаяды. Егер ол ауылда тұрғанда оқиға басқаша өрбитін еді. Мысалы, буллингті алып қарастырайық. Қа­зір әлеуметтік желі арқылы, шеттету арқылы буллинг жасайды. Сіз жұ­­мыс істейтін тұлға болсаңыз, қысым көрген жеріңізде қалмай, жұмыстан шығып кетесіз. Ал бала мектепте буллингке тап болса да, сонда қайта баруға мәжбүр. Жас­өспірім шарасыз күйде қалады. Тәжірибе көрсет­­кендей, отбасында баланы тыңдап, жол көрсетпейді. Себебі бәрінің жұмысы, істейтін ісі бар. Кейбірі екі жұмысты қатар алып жүреді. Ата-анасының жүріс-тұрысы да «саған бөлер уақытым жоқ» деуі мүмкін. Сол үшін жасөспірімдер ата-ана­сына мұңын шағып, сырымен бөліспейді. Елімізде әлеуметтік орта қалыптаспаған. Мысалы, бір ба­ланы әкесі күнде ұрып жүр делік. Ол сабаққа көгала қойдай болып ке­леді. Мұны байқаған мұғалімі мек­теп инспекторына хабарласады. Инспектор болса, баланың әкесіне айыппұл салумен шектеледі. Ары қарай баланың үйінде не болып жатқаны ешкімді қызықтырмайды. Жасөспірімдер көмек сұрап баратын орын дейміз-ау, ДЦП, аутист бала­­­ларға жағдай жасайтын әлеуметтік, мамандандырылған мектеп жоқ. Сенім телефоны деп жатамыз, онда да бір ғана линия жұмыс істейді. Мүмкін, бірінші қоңырау шалған жасөспірімге қарағанда, екіншісінің жағдайы ауыр болар», – дейді бала­лар мен жасөспірімдер суицидологы Михаил Смецкой. Сымбат Талғатқызының ай­­туын­ша, жасөспірімдердің, оның ішінде балалардың смартфонды жиі пайдаланатынын ескеріп, оларды психологтің қабылдауына апарған жөн. Әртүрлі терапия курстары бала психологиясына жақсы әсер етеді. Ал кішкентай ке­зінде зорлық көр­­ген, жасөспірім шағында қатты стреске түскендерді психотерапевтің қабылдауына жазған дұрыс. Жалпы, баланың көңіл күйі, мінез-құлқы өзгеріп, ұйқысы бұзылып, айна­ла­дағы­лармен қарым-қатынасы на­­шар­­ласа, маман көмегіне жүгіну ке­­­рек. Психолог баланың психо­­­­логиясын бұзбау үшін ата-ананың өз пси­­хологиясына көңіл бөлу керегін атап өтті. Одан кейін бала­­лардың интернет кеңістіктегі әре­кетін бақылауда ұстаған абзал. Өйткені жасөспірімдер арасында әлеуметтік желіде психологиялық тест тап­­­сырып, жауабын көріп, одан сайын стреске түсетіндер бар. Сым­­бат Талғатқызы баланы қада­­ғалау оны үнемі тексеру емес, оған етене жа­қын болу екенін қосты. Деректерге сүйенсек, қоғамда жасөспірімдердің жиі суицид жа­сайтыны айтылады. Алайда суи­цидолог бұл пікірді жоққа шы­ғарды. Керісінше, үлкендер ара­­сында өзіне-өзі қол салатындар көп екен. Ма­манның айтуынша, мұны мем­­­­ле­кеттің саясаты деп түсінсек бо­лады. Жасөспірімдерді маманға барып көрінуге, бейім­­­­­деуге болады. Ал үлкен кісі суицид жа­саса, оны ем қа­былдауға шақыру қиын. Осы тұрғыдан алғанда, жастарды тәр­биелеу арқылы бо­лашақты тәр­биелейміз. Бірақ бі­лікті маман суи­­цидке себеп болар фактор бір­ден тумайтынын ес­­кертті. Мұндай ой келе-келе, жағ­дайға байланысты туады. Осы тұста, Михаил Смецкой елімізде кол­ледждің өзінде жастар­ға кеңес беріп, жол сілтейтін әлеу­меттік орын жоғын атап өтті.

АйзатАйзат АЙДАРҚЫЗЫ