Біреудің саусақ ізімен картадан ақша ұрлаған
Біреудің саусақ ізімен картадан ақша ұрлаған
121
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция де­пар­таменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын сотталған 32 жастағы елорда тұрғыны ұсталды.

Тергеу барысында күдіктінің қитұрқы әрекеті әшкере болған. Оқиға бойынша күдікті қонақүй нөмірінде танысымен ішімдік іш­кен. Түнде досының ұйықтап қал­ғанын күтіп, оның саусақ ізін ска­нерлеген. Осының көмегімен те­ле­фонды бұғаттан шығарған. Одан әрі мобильді қосымшадан ана­сының банктік шотына 130 мың теңге аударған. Жәбірленуші келесі күні ақшасының жоғалғанын кө­ріп, полицияға хабарласқан. Кейіннен күдікті бар кінәсін мойындап, иесіне ақшасын қай­­тарып берген. Енді оған қыл­­мыс­тық жауапкершілік жүк­теледі. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы істен кейін полиция қыз­меткерлері аза­­­маттарды қырағы болуға шақырады. Ұялы телефон мен басқа да құнды заттарды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

 А.ЖОЛДАС