Түркістан қауіпсіз қалаға айналады

Түркістан қауіпсіз қалаға айналады

Күні кеше әлем назарын аударған Түркітілдес мем­ле­кеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде Түркістан декларациясы қабылданды және Түркістан қаласы «Түркі әлемінің рухани астанасы» деп жарияланды. Көптен күткен бұл жаңалықты еліміздегі барша жұрт жақсы қабыл­­дап, жүрекжарды лебіздерімен бөлісіп жатыр. Солардың бірі түркістандық ақсақал, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, ІІМ құрметті ардагері, запастағы полковник Есалы Нұржановты саммитке қатысты ойларын білмек болып, әңгімеге тарттық.

[caption id="attachment_127257" align="alignnone" > Есалы Нұржанов[/caption] Зейнетке шыққанға дейін бір­қатар жыл әкімшілік құры­лым­дарда заң саласы бойынша және Түр­кістан қаласының Ішкі істер бас­қармасының бастығы болып қыз­мет атқарып, бүгінде бей­­не­тінің зейнетін көріп отырған Түр­кістан облыстық ардагерлер кеңесі тө­рағасының орынбасары, ІІМ құр­метті ардагері Есалы Нұр­жанов ақсақал 31 наурызда өткен Түр­кітілдес мемлекеттердің ын­ты­мақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты ілкімді ойлары мен пікірін сұхбат барысында ай­тып берді. Есалы Мәмбетәліұлы ағамыз бүгінде зейнеткер болғанмен үйде қарап отырмай, Түркістанды тү­летуге барша жұрт жұмыла жүк көтеріп жатқанда түймедей бол­са да үлесімді қоссам, үйде үн­демей отырғаным азамат­­­ты­ғыма сай кел­мес деген мақсатта Түр­кістан қа­ласының құры­лысын жандан­дырып жатқан ірі құ­рылыс ком­паниясы басшы­сының кеңесшісі, заңгері қыз­метін атқарып отырған аза­мат. Ол сондай-ақ құқық сала­сының тәжірибиелі әрі білікті май­талманы ретінде қоғамдық жұ­мыстарға атсалысып жүр. Құ­қық қорғау органдары ара­сындағы түрлі шараларда ақыл-кеңес беріп, тәрбие жұмстарымен де ай­на­лысады. Есалы Мәмбетәліұлына сам­миттің елімізде өтуі барысы ту­ралы, оның маңызы мен елімізге берері жайында сауал қойылды. «Сегіз елдің басшысы онлайн режимде бас қосқан алқалы жиын­да Түркі әлемінің ақсақалы, Ел­­­­басы – Тұңғыш Президент Нұр­сұлтан Әбішұлы жиынның маңызы мен түркі жұрты үшін қажетті кеңесін жеткізсе, Мем­лекет бас­шысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бірқатар стратегиялық жоспар­ларды атап, жүзеге асы­рылуы тиіс тапсырмаларды нақ­­тылап, жүктеді. Сол айтқандай, әрине біз Қазақстанды әлемге кеңірек танытуымыз керек. Сам­митте Түркістан декларациясы қабылданды және Түркістан қа­ласы түркі әлемінің рухани ас­танасы болып жарияланды. Әри­не, бұл бауырлас елдердің Түр­кістанға деген көзқарасын аша түсіп, туыстығын жақындата түседі. Бұл бір жағынан түбі бір түркітілдес мемлкеттердің өзара ынты­мақ­тастығы, экономикалық қа­рым-қатынасымызды жақ­сар­туға, яғни бір-бірімізге инвести­ция тартып әлеуетімізді көтеруге мүмкіндік болады. Сонымен қа­тар руханият тұрғысында дамуы­мызға да жол ашатын карта іспетті маңызды құжат деп ойлаймын» деп бастаған ардагердің айтуынша, бұл сам­миттің өтуі кездейсоқ жағдай емес. Бұл 30 жылға жуық төккен маңдай тер мен қажырлы ерен еңбектің және еліміздегі жүйелі түрде жүр­гізілген сындарлы саясаттың ар­қасы. Мұның ар жа­ғында өткен үлкен тарихи жағ­дайлар жатыр. Үлкен дайындық­тардан өтті. «Мемлекетіміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап ұлттық құндылықтарымызға аса ден қойыла бастады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев шетелдегі қандастарымызды елге көшіріп әкелуді бірден қолға алды. Со­нымен қатар экономикамызды дамытумен қатар, шекарамызды шегендеуден бастағаны, ұлттық мүдде тұрғысында дүниежүзі қа­зақтары құрылтай­­­лары­ның өт­кізілуі, астананы Алма­тыдан Ақ­молаға көшіру саясаты, төл та­ри­­­хы­­мызға қол жеткізу үшін жа­сақ­­­талған «Мәдени мұра», «Тарих тол­­­қынында», «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» сынды мемлекеттік деңгейдегі бағ­дар­ламалар Елбасының көре­ген­дігі­­­нің көрінісі. Ал түркі әлемі киелі сана­­ған Түркістанның жөні тіптен бө­­­лек деп айтсам болады. Өйткені өз­­­­­деріңіз көріп отыр­ғандай, қазір Түркістан күн санап көркейіп, ға­­­­­жап қалаға айналу үстінде», – деді ол. Ардагер өз сөзінде, елімізде өткен саммиттегі айтылған ұсы­ныстар, ұйғарымдар мен қабыл­данған құжаттар негізінде тағы да сараланып, нақтыланып, күз айында Түркия елінде өткізілуі жоспарланып отырған 8 саммитте тағы да ілкімді істерді қолға алуға мүмкіндік болатынын айтты. Ол оған дейін саммит барысында қазақстандықтарға жүктелген ау­қымды істерге барша жұрт бо­лып атсалуымыз қажет екенін жеткізді. Алдағы жылдары Түркістан кемеліне келіп, өзінің ерекше стилдегі келбетімен әлемді там­сандырар жағдайға жетіп, турис­тер көптеп келе бастағанда ең әуелі нені ескеруіміз керек деген сауа­лымызға ақсақал Түркістан толық қауіпсіз қала болуы керегін алға тартты. «Әрине, бұл тұрғыда өңірде өте ауқымды жұмыстар атқарылуда. Көз алдымызда ішкі тәртіп бойын­­ша жүргізіліп жатқан жұ­мыстардан өзге, ертеңгі күні мил­лиондап ке­­леді деп жос­пар­ланып отырған қо­нақтар мен туристердің қауіп­сіздігін қамтамасыз ету үшін туризм полициясының құрылуы да дұрыс болды. Келген қонақтар қала мен тарихи жәдігерлерімізді аралап жүргенде қауіпсіздік жа­ғынан өздерін еркін сезінуі керек. Түркі жұртының қонақ­жайлығы, мол дастарқаны мен тамаша бол­мысын, тектілігін, жақсы тір­шілігін көзбен көріп, қызығып кетуі керек. Ол үшін барлық жағ­дайды реттеп, дайын болуы­мыз керек. Сонда Түркістан тұр­ғын­дарымыз бен туристер үшін қауіп­сіз қалаға айналады, – деді. Сөз соңында, Есалы Нұржанов ақсақал елімізде атқарылып жат­қан қыруар жұмыстарды атап өтіп, кеңес заманындағы жағ­дай­ды еске алды. «Ертеректе, ішкі істер орга­нын­да қызмет атқарып жүрген жылдарымда болған бір оқиға есі­­ме түсіп отыр. Ол кезде жас кезім. Бірде кезекті еңбек дема­лысымды алып, Украинаға шипа­жайда демалуға барған бола­тын­мын. Бірінші күні пәтер жал­дап тұрдым. Түнде сол үйдің ер­жеткен ұлы «Қыз Жібек» кино­сын қарап отырды. Менің «бұл кім­дер?» де­ген сұрағыма мар­дымды жауап бере алмаған ол «қайдағы бір азия­­­­­­лықтар сияқты ғой» деді. Әри­­­­не, мен өз тарапымнан тү­сін­дірген болдым. Сол оқиға ме­нің көз алдымда қалып қойды. Қилы тағ­дырды өткерген ұлты­мыздың бұл да сол тұстағы ауыр жылдары еді. Қазір, Құдайға шүкір, қол жет­кізген тәуелсіздіктің арқа­­­сын­да қазақ жұртын барша әлем біледі десем, артық айтқаным бо­лмас. Міне, бұл саммиттің өтуі де түр­кітілдес мемлекеттердің бір-біріне бауырлас екенін, түбі бір ел бол­ғандығының көрінісі және әлемді толғандырған саяси дағ­дарыс ке­­­зеңдерінде ағайынның бас қо­сып, қауышуының алғы­шарты деп ойлаймын. Атам қа­зақтың «..төр­теу түгел болса тө­бедегі ке­леді» де­­геніндей, қазір біз­ге ты­ныш­­тық­тың бұдан да ары сақта­­луына, жұр­тымыздың аман-есен болуына баршамыз жұмыла атса­лысуымыз керек», – деді.  

Тельман БЕЙСЕН