Қазақстандық мектеп оқушылары биыл желтоқсанның соңында қысқы демалысқа шығады.
Оқушылардың қысқы демалысы қашан басталатыны белгілі болды
322
оқылды

Балалар екі апта демалып, сабаққа 11 қаңтарда оралады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқу-ағарту министрлігі бекіткен күнтізбеге сәйкес, қысқы демалыс 2026 жылғы 28 желтоқсанда басталып, 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін жалғасады. Осылайша, оқушылар 14 күн демалады.

Екінші тоқсан сегіз оқу аптасынан тұрады. Ал қысқы демалыстан кейін басталатын үшінші тоқсан он аптаға созылады.

Бірінші сынып оқушыларына қосымша демалыс қарастырылған. Олар 2027 жылғы 8–14 ақпан аралығында тағы жеті күн тынығады.

Көктемгі демалыс 22 наурызда басталып, 28 наурызда аяқталады. Ал 2026–2027 оқу жылы 25 мамырда мәресіне жетеді.