Ахметжанов Шпекбаевты алмастырды
Ахметжанов Шпекбаевты алмастырды
205
оқылды

16 сәуірде Президент Жарлығымен 63 жастағы Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің төрағасы қызметінен босатылды. Оның орнына Бас прокурордың  орынбасары қызметін атқарған Марат Ахметжанов тағайын­далды. Алайда Шпекбаев демалысқа кете ме, әлде жаңа қызметке тағайындала ма, ол жағы белгісіз.

5 жылдық белес

Елімізде тамыры тереңге жайы­лып кеткен сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес жүргізу жүйесінде Алик Шпекбаев 2014 жылдан бері еңбек етіп келді. Ол 2017 жылдың жел­тоқсанында Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің тө­­рағасы қыз­метіне та­ғайын­­­­­далды. Сол жы­лы бірден мем­­­­лекеттік қыз­мет­кер­лерге жалақы есептеудің жаңа жүйесі енгізілді. Жаңа­шылдық қыз­­­­­­­метті бағалаудың факторлық-бал­­дық шкаласын қолдану қарас­­тырылды. Одан кейін шенеу­ніктерге қарсы істер күшейтілді. Алик Шпек­баев «Сы­­­байлас жем­­­­қорлыққа мүлдем төз­­беушілік» саясатын бас­шылыққа алған тұста бірқатар жо­ғары лауа­зымды аза­мат абақтыға тоғы­тылды. Орта есеппен бір жылдың ішінде 1 700 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелсе, оның жар­тысына жуығы пара алуға қатысты болды. Сонда шенеу­ніктердің заңға қайшы әре­­кет­те­рінен келтірілген шығын кө­лемі ондаған миллиард теңгеден асып кеткен. Ал сот­талғандар қ­а­та­­­рында министрлер, облыс әкім­дері мен олардың орын­басарлары, жауапты хат­шылар, елшілер, судья­­­­­лар мен түрлі қыз­меттегі шенеу­ніктер бол­ды. Сол сәтте ха­лық арасында абақтыға жа­был­ған бұ­­рынғы ми­нистрлер мен әкім­­дердің көптігі «түрмедегі Үкіметті құруға же­терліктей» екені туралы қалжың тарады. Сондай-ақ 2017 жылы бо­рышкерлердің шетелге шығуы­ның айналасында жемқорлық фак­­тілерінің жүйесі байқалып, жеке сот орындаушылардың жұмы­сы күмән тудырды. Алик Шпекбаевтың ай­туынша, сот орындаушылардың 3/2 бөлігі – жеке. Сондықтан олар­ға жемқорлыққа қарсы заң жүр­мейтін көрінеді. «Азаматтардың шетелге шығу қажеттілігінің басы-қасында парақорлықтың тұтас жүйесі тұр. Бұл сот орындаушылар үшін өзіндік бір қосымша қара­жаттың көзіне айналған. Мысалы, ШҚО-да Жаңа­семей өңірлік сот актілерін орындау бөлімінің ба­­с­шысы шетелге шы­ғуды тыюды алып тастауды же­делдету үшін 160 мың теңге кө­лемінде пара алған. Жалпы, жылына 20-ға жуық сот орындаушы түрлі құқық­бұзу­шы­лыққа барғаны үшін темір торға тоғытылады», – деді Алик Шпек­баев. 2018 жылы Алик Шпекбаев ми­­нистрлерге жемқорлықты ашып айтуды ұсынды. Сол жылдың мау­сымында жемқорлық туралы ха­бар­лағандарға 240 мың теңге бе­рілетіні, бірде-бір қоңыраудың қараусыз қалмайтыны уәде етілді. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты ақпаратпен бөліскен азаматтарға құпиялылық пен құқықтық қор­ғауға кепілдік берілді. Ал 2020 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тө­рағасы Алик Шпек­баев жемқорлық фактілерін ха­бар­лаған адамға бе­рілетін сыйа­қы­ның мөлшері өскенін мәлімдеді. Сөйтіп, жемқорлық фактісі туралы хабар берген адам параның 10 пайызына дейінгі сыйа­­қысын ала алатын бол­ды. Бірақ ол үшін ұс­талған адамның кінәсі сотта дәлелденуі керек. Үкі­мет қаулы­сы­на сәйкес, мак­­си­(малды сыйа­қының мөлшері 10 мил­лион 600 мың теңге көле­мінде белгіленді. 2018 жылдан бастап Алик Шпек­баев әлеуметтік желінің бел­­сенді пайдаланушысы атанды. Ол өзінің Facebook-тегі парақ­ша­­­­сында мемлекеттік қызметкердің қандай болуы керегін жазды. Әсіресе, той-думандардан бас тартып, мерекені жарысқа айнал­­дырмауға кеңес берді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігі екіге бөлінген соң, яғни 2019 жылдың маусымында Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төра­ғасы болды. Сол жылы ол сыбайлас жемқорлық туралы арыздану­шы­лардың қай облыстарда көп екенін мәлімдеді. Жыл қоры­тындысы бойынша, мемлекеттік орган­дар­мен қоса, сыбайлас жем­қор­лыққа бейім келетін квазимем­лекеттік секторда 324 құқықбұзу­шылық тіркелген. Сы­байлас жемқор­лық­пен айна­лысқан 196 адам жауап­кершілікке тартылса, олар­дың 82-сі – әртүрлі деңгейдегі басшылар. Нақты айт­қанда, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының арасында жем­қорлыққа ең бейім «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметінде 45 азаматқа қатысты 81 жемқорлық қылмыс тіркеліп, оның 34-і сот­талды. Пара сомасы 100 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін жеткен. Мұндай фактілер Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында анықталды. Сонымен қатар агенттік ма­ман­дарының алыс-жақын шетел­дерде жасырынған 33 азаматты іздестіріп жатқаны айтылды. «Соның 21-і Еуропа елдерінде жасырынып жүр. Біз тиісті жұмыстарды жалғастырып жатырмыз», – деді Алик Шпекбаев.

Пандемия мен дағдарыстан құтқаратын қаржы ұрланды

Негізінен, былтыр басталған коронавирус пандемиясы іс жү­­­­­­зін­­де денсаулық сақтау саласынан бас­тап цифрландыруға дейінгі сы­­байлас жемқорлық індеттерінің бетін ашты. Елде емі табылмаған екі індет болса, соның бірі – алты құр­лықты абды­ратқан коро­навирус, екіншісі – жең ұшынан жалғасып жатқан жем­қорлық еді. «Пандемия кезінде халық билікке үміт артып, қам­қор­лық пен көмек күтіп отыр­ғанда кей­­­бір арсыз шенеу­ніктер мен топ-менеджерлер заң­нан да, Құдайдан да қорықпай, лауазымын қалтасын толтыру үшін пайда­ланып, жүйелі түрде пара алды. Бюджет қаржысын жым­­қырды. Халықтың қайғы-қасіреті арқылы баю – сатқындық пен адам өлті­румен тең» деп салды сонда Алик Шпекбаев. 2020 жылы сыбайлас жем­қор­лық үшін қамауға алудың басым бөлігі медицина саласына қатысты болды. Бұл саладағы 4 жоғары лауа­зым иесіне қатысты тергеу жүрсе, олардың қатарында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та бар. «Пандемиямен байланысты 100 қылмыстық іс тір­келді. Оның жартысына жуығы дағдарысқа қарсы шараларға бөлін­ген қаражатты жымқыру», – деді Алик Шпекбаев. Міне, соның сал­дарынан қаншама жұрт дәрі-дәр­мектен қағылып, тыныс алды­ратын аппаратқа қол жеткізе алмай, көз жұмды. Ал Цифрлық даму, иннова­циялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Білім және ғылым министр­­лік­терінде 2 қылмыстық іс тергелді. Соның алдында ғана Цифрлық даму, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі министр­лігінің басшысы Асқар Жұмағалиев ко­ронавируспен күрес жұмысын дұрыс ұйымдастыра алмағаны үшін Президенттен сын естіп, қызме­тінен кеткен болатын. Бір қызығы, министр жұмысынан кете сала ол басқарған ведомствоның жай қыз­меткері емес, жоғары лауа­зым­ды шенеунігі ақша жымқырды деген күдікке ілінді.

Арқаны кеңге салатын шама жоқ

Былайша, Алик Шпекбаевтан енді жүзеге асыратын тың идея артылмаған сияқты. Жаңа басшы Марат Ахметжанов сол ескі сүр­леу­мен жүре ме, әлде тыңнан түрен сала ма, ол жағы – уақыт еншісінде. Әйтпесе, Шпекбаев жоғарыда шолып өткендерден бөлек, «қара­мағындағы қызметкер үшін әрбір басшы жауапты», «Адалдық алаңы», «жемқорлықпен күрестің басты 4 ба­­­­­ғыты», «жемқорлыққа қарсы 7 ба­­­сымдық», «жемқорлыққа белше­сінен батқан салалар», «2021 жыл­дан бас­тап мемлекеттік қызметшілер, депу­таттар мен судьялар үшін шетел­­­­де банк шоттарын иеленуге тыйым салуды енгізу» дегендей схемалар бойынша да біраз жұмыс жүргізіп бақты. Оның ішінде еліміздегі бі­лім, ауыл шаруашылығы және ден­саулық сақтау саласының жем­қорлыққа белшесінен батқа­­нын атап өткен жөн. Соларды анық­­­тау нәтижесінде былтыр қа­зынаға қайтарылған қаражат көлемі 50 мил­лиард тең­геден асыпты. Биылғы жылдың басында Пре­­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев шығын орнын толтыру және жо­сықсыз шығындардың алдын алу бойынша агенттік жұмысының экономикалық ықпалын оң баға­­лап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес жүргізгені үшін ве­домство басшысын мақтады. Өйткені агенттік қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы 80 мыңға жуық белсенділер мен еріктілердің қол­дауына ие екен. Ал жаңа басшы Марат Ахметжановқа келсек, ол 2016 жылдың маусым айынан бері бас прокурордың орынбасары қызметін атқарған. Оған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне жетек­­­шілік етті. Бүгінде билік пара­­қор­лықпен күресетін көптеген бағ­дарлама ұсынса да, Қазақстан әлемдік жемқорлық индексінде п­арақорлық жайлаған елдердің қа­­­тарында тұр. Ресми мәлімет бойын­­­­ша, былтыр республика дең­гейіндегі 34, облыс деңгейіндегі 72, қала және аудан деңгейіндегі 89 басшы қыл­­мыс жасағаны үшін жауапқа тар­тылған. Сондықтан Ахмет­­жа­­новтың да «арқаны кеңге сала­тын» шамасы болмауы тиіс.

Еркеғали БЕЙСЕН