Жемқорларға ескерткіш орнату деген түсіңізге кірмеген шығар?
Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Сүлен Ілиясовқа Астанада ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің биіктігі бес метр, аузы апандай ашылған, екі қолын созып, дәметіп тұрғандай.
Тірі , ірі жемқорға ескерткіш ашу кімнің ойына келді екен? Дегенмен, ескерткіштің ашылу салтанатынаеліміздің түкпір-түкпірінен мен деген жемқорлар, парақорлар, алаяқтар келді.
Сотталып келген жемқор министр сөз алды.
–Құрметті әріптес жемқорлар! Бүгін міне, атақты жемқор Сүлен Ілиясовтың құрметіне алып ескерткіш орнатылыпты. Қатты қуанып тұрмын. Біз бюджеттің жалмауыздарымыз. Біз елміздің мақтанышымыз. Жемқорлары жоқ ел көгермейді. Сүнеке, ескерткішіңіз құтты болсын! Ұрпақтарыыңыз сізді еске алып, ескерткішіңіздің алдына тікенек шоқтарын қоятын болады әлі.
Ілиясов жылап қалды. Мұндай қуанышты бұрын-соңды көрмеген ғой!
– Жемқорлар жасасын!
– Ілиясов жасасын!
– Ескерткіші құтты болсын!
– Ескерткіштіңаузына қарғалар саңғып кетпесін!
– Шымшықтар ұя салмасын!
Осынданй жалынды сөздер айтылды. Сөз Сүнекеңнің өзіне берілді.
– Сөйлей берейін бе? –деп сұрады ол.
– Сөйлеңіз, сөйлеңіз!
– Сөйлейберейін бе?
– Сөйлесеңізші?
– Ыңғайсызданып тұрғаным...
– Жегенде пәледейсіз, несіне ұяласыз?
Ілиясов мінберге шықты. Жұтынды. Желкесін қасыды.
–Негізі, жеймін деп ойлаған жоқ едім, әпитетім ашылып кетті. Дәл мұндай танымал жемқор боламын деп ойламаппын. Маған арнап, ескерткіш ашуға бөлінген қаржының өзінен жеп қойыпсыздар. Дегенмен, ризамын. Мен... Мен пандемия басталғанда келіп едім, осы қызметке. Тыныс алу аппараттарын медицина ұйымдарының басшыларымен келісіп, сыбайласып, арзан бағаға сатып жібердім. Соның өзінде,қалтам қампиып, қарным томпиып, жағдайым жақсарып қалды.
Бір кезде ескерткіш сөйлеп кетті.
– Ей, Сүнет, қай бетіңменмақтанып тұрсың? О заманда, бұ заман жемқорға ескерткіш орнатушы ма еді? Бұл қай сасқаның?Неге келісім бересің?
Жиналғандар жиырылып қалды. Не болып кетті өзі? Тас мүсіннің қай жерінен шығып жатыр, мына дауыс?
– Сен, сен сонда, менің ескерткішім емессің бе? –деп сұрады Ілиясов.
– Ия, сенің ескерткішіңмін.
– Онда неге маған қарсысөйлейсің?
– Ұялып кеттім.
– Ескерткіште ұялады ма екен?
– Бетің қалың ғой тегі.
– Қой деймін, жұрттың көзінше абыройымды түсірме.
Шын мәнінде, ескерткіш есалаң емес қой. Ескерткіш сөйлегенжоқ. Ілиясовқа ескерткіш орнатылған да жоқ. Өзімізше, армандап жатқанымыз ғой. Ал, шын мәнінде, мына жемқорыңыз қамаққа алынып, тергеліп жатыр. Елімізде пандемия өршіп, өлім мен өмір арасында арпалысып жатқандарға тынысалу аппараттары жетпей жатқанда, сала басшысы қалай ғана өз пайдасын ойлап, сатып жіберді десеңізші? Сұмдық қой!
Ал, елімізде пандемия күннен -күнге өршіп бара жатыр. Осындай жемқорлардың кесірінен. Ілиясов сияқтылар әр облыстан табылады. Бірқатары жауап беріп те жатыр. Жуырда ғана Денсаулық сақтауминистрі Цой мәлімдеме жасады. Елімізде қызыл аймаққа өткен облыстар қатары көбейе түсті. Коронавирусқа шалдыққандарсаны еліміз бойынша 272 мыңға жетті. О дүниеге аттанғандар қаншама? Ел ішінде пандемияға сенбейтіндер әлі де баршылық екен. Бетперде тақпайды. Таққан күннің өзінде, мұрын астына сырғытып қояды. Індет жұқтырып алғандар әсіресе, Алматы, Астанада өршіп түр. Егер Ілиясов сияқтылар жемсауларын сипалай беретін болса, жағдай өзгермейді.